05 маусым 2015 11:58

ҚБТУ деканы қызға айналған студенті жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

ҚБТУ химиялық инженерия орталығының деканы Ринат Ысқақов Оңтүстік Қазақстан облысының түлектерінің бірінің орнына ҰБТ-2015 тапсырып бергісі келген Аян Жәрдемов жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚБТУ химиялық инженерия орталығының деканы Ринат Ысқақов Оңтүстік Қазақстан облысының түлектерінің бірінің орнына ҰБТ-2015 тапсырып бергісі келген Аян Жәрдемов жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ысқақовтың айтуынша, Жәрдемов өте дарынды студент. "Ол біздің студентіміз, химия инженериясының үшінші курс студенті. Декан ретінде мен оны екі жыл бойы білемін. Кәсіби тұрғыда айтар болсам мен өзімнің барлық студентімді білемін - олардың әлсіз тұстарын және кемшіліктерін. Аянға қатысты айтар болсам, бұл өте дарынды адам, оған бұл генетикалық жолмен келген, бірақ өзі өте алғыр. Жалпы ҚБТУ-ға іріктеуден өту өте қиын, мұнда оқуға түсу оңай емес, оның үстіне тегін бөлімге болса", - деді ҚБТУ деканы.

Алайда ол студенттің үздік оқитын мүмкіндігі бар екенін атап өтті, бірақ Жәрдемов университеттегі әлеуметтік шараларымен де айналысқысы келді. 

"Сөзсіз, ол терең білімін көрсетті, тек ол үздік оқи алатын еді. Ол емтихандарды оңай тапсырады, табиғатынан дарынды. Бірақ ол білім алу кезінде әлеуметтік салаға: көңілді тапқырлар клубы және сондай белсенді өмір салтын ұстанды, бірақ білім алуға терең үңілмеді. Тәжірибелі білімге қарағанда оның soft skills-і өте күшті", - деді Ысқақов.

Жазалау шарасына қатысты декан былай деді: "Әзірше тек жаңалықтардан біліп жатырмын, әрине, бұл әкімшілік құқықбұзушылық, ал менің ойымша, оның қандай жазаға тартылатынын сот шешеді, себебі Жәрдемов кәмелет жасына толған. Біздің университеттің профессорлары оған қаржылай ғана емес, моральдық тұрғыда да қолдау білдіруге дайын. Ол - қайталанбас студент, көп мұғалім онымен байланысып тұрады, таниды. Сондықтан мұнда оны моральдық тұрғыда қолдау керек деп есептейміз. Себебі бұл оқиға оған өмірлік сабақ болады. Адамның әділдігін әр адам өзінше түсінеді. Әйтсе де заң бар".

Сонымен қатар, декан бұл оқиғаның студенттің оқуына кедергісін келтірмей ме деген сұраққа жауап берді. Ысқақов Жәрдемовты оқудан шығармайтынын айтты. 

"Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, бір қылмыс үшін екі рет жазалауға болмайды. Соттың жазасын өтейді. Моральдық тұрғыда ол ендігі супержұлдыз болып үлгерді, сондықтан оған моральдық тұрғыда қиын болады, алайда ол әлі жас, үшінші курс", - деді ҚБТУ деканы.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде дос қызы үшін ҰБТ тапсырмақ болған жігіттің фотосы кең таралған болатын. Суреттің сипаттамасында оқиғаның Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында болғаны жазылған. Ол Жетісай қаласындағы №4 мектептің түлегі үшін емтиханға кіргісі келген екен.

Кейіннен романтик студенттің Аян Жәрдемов екені анықталды. Ол Ақтөбедегі "Дарын" мектебін бітіріп, "Алтын белгі" иегері атанған. Қазір жігіт Алматыдағы Қазақ-Британ техникалық университетінің үшінші курсында тегін бөлімде оқып жатыр. Енді жігіт 400 мың көлемінде айыппұл төлеуі, қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе алты күнге дейін қамауға алынуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети