24 қараша 2014 12:02

Келешектегі ЕАЭО саясаткерлеріне пікір білдіруде мұқият болу ескертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қабиболла Жақыпов. ©РИА Новости Қабиболла Жақыпов. ©РИА Новости

Қазақстан Парламентінің төменгі палатасының спикері Қабиболла Жақыпов келешектегі Еуразиялық экономикалық одақтың cаясаткерлерін, сарапшылары мен журналистерін пікір білдіргенде мұқият болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Парламентінің төменгі палатасының спикері Қабиболла Жақыпов келешектегі Еуразиялық экономикалық одақтың cаясаткерлерін, сарапшылары мен журналистерін пікір білдіргенде мұқият болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ықпалдастық процесінің сенімді болу кепілі - эволюциялылығы. Төңкеріс қимылдары, күрделі мәселелер туралы ақпараттық қысым қалыптастыру немесе оларды ақпараттық қысыммен басуға әрекеттену табиғи процестерді құлатуы мүмкін. Соған байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елдерінің депутаттық корпусын, қоғам қайраткерлерін, ғылыми, сарапшылық және медиа қоғамдастығын мәлімдеме жасарда жауапты әрі құзыретті болуға және жөнсіз мәлімдемелер ЕАЭО-ның қоғамдық пікірі үшін қандай келеңсіз салдарларға соқтыруы мүмкін екенін болжап алуға шақырғым келеді", - деді Жақыпов Тұңғыш Президент күніне арналған  "Президент. Парламент. Интеграция" атты халықаралық конференцияда.

Конференцияға Ресей Федерациясының Федералдық жиыны Мемлекеттік Думасының төрағасы Сергей Нарышкин және ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети