03 қыркүйек 2014 18:12

Кембридж ғалымы Алматыда жойқын зілзала қаупі барын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жойқын жер сілкінісі қаупі бар. Бұл туралы Лондон Корольдік қоғамының мүшесі, Кембридж университеті жер туралы ғылым департаментінің басшысы, профессор Джеймс Джексон айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ғалым Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде "Шекарасыз жер сілкінісі" ауқымды халықаралық жобасы шеңберінде ашық дәріс берді.


Алматыда жойқын жер сілкінісі қаупі бар. Бұл туралы Лондон Корольдік қоғамының мүшесі, Кембридж университеті жер туралы ғылым департаментінің басшысы, профессор Джеймс Джексон айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ғалым Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде "Шекарасыз жер сілкінісі" ауқымды халықаралық жобасы шеңберінде ашық дәріс берді.

Бұрындары Алматының үш рет жойқын жер сілкінісін бастан өткергені белгілі. 1911 жылы Верный қаласы түгел қираған болатын. "Алматыда жер сілкінісінің болатыны анық, оған мейлінше дайын болу қажет", - деді Джексон.

Оның айтуынша, сілкініс әдетте жер қыртысының жарылған тұстарында болады. Ал Алматы маңында мұндай 10 шақты жер бар. "Шекарасыз жер сілкінісі" жобасы шеңберінде олардың екеуі зерттелді. Зерттелген жерлердің басты ерекшелігі - ұзындығы мен тереңдігінде.

Алғашқы жарық жер Қырғызстанда, Ақсу қаласына жақын маңда, Алматыдан оңтүстікке қарай 50 шақырым қашықтықта. 1911 жылғы зілзала соның әсерінен болған еді. Екінші жарылған жер 1889 жылы Шелектегі жойқын сілкініске себеп болды. Мұндай ойықтар арагідік болатын қуатты тербелістердің әсерінен қалыптасады. Джексонның айтуынша, мұндай сілкіністер кезінде дүмпулердің тереңдігі 30-дан 40 шақырымға дейін жетеді. Ғалым келешекте бұл жерлерде жаңа күшті тербелістердің болуы мүмкін екенін айтады.

Джексон әңгімелеген зерттеу жұмысы бірнеше аймақта жүргізілген: Орталық Азия, Солтүстік-Шығыс Қытай, Иран және Гималай тауларының етегі. "Азияда жер қыртысы араларында шек жоқ, сондықтан жер сілкіністері бұл өңірлерде үлкен кеңістіктерде болады және ондай кезде жарықтар көп пайда болады", - дейді профессор. 

Ғалым қуаты бірдей жер сілкіністерінің салдары түрлі елдерде әр алуан болатынын атап өтті. Мысалы, 1994 жылы Лос-Анджелесте (Калифорния, АҚШ) 6,8 балл зілзаладан 50 адам қайтыс болды, ал Иранда 6,6 балл тербелістен 40 мың адамның өмірі қиылды.

"Мұндай айырмашылықтың басты себебі, әрине - үй құрылыстарының сапасында. Сонымен бірге, басқа да факторлар бар: ол жер сілкінісі қаупін жақсы сезінуге, жер қыртыстарының зерттелуіне, осы салада түрлі елдер ғалымдарының өзара білім алмасуына байланысты", - дейді Джексон. Оның айтуынша, АҚШ, Чили, Жаңа Зеландия, Жапония елдері Иран, Қытай, Түркия, Пәкістан елдеріне қарағанда, зілзалаға жақсы дайындалған. 

Халықаралық жоба шеңберіндегі зерттеу Түркияда, Иранда, Африкада, Үндістанда және Қытайда жүргізілген. Джеймс Джексонның жобасы әлем бойынша сейсмикалық қауіпті аймақтардың ерекшеліктері жөніндегі мәліметтер базасын жасауға бағытталған. "Шекарасыз жер сілкінісі" жобасын іске асырушы профессор - Қазақстан үшін өзекті саналатын "Құрлықтарда сейсмикалық тұрақсыздыққа төзімділікті арттыру мақсатындағы әріптестік (2012-2017 жж)" деп аталатын зерттеу авторларының бірі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети