30 қаңтар 2014 18:10

Кеніштегі ереуіл: жұмысшылар шахтадан шықпай қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Артемьев кеніші. ©ШҚО АО Артемьев кеніші. ©ШҚО АО

Шығыс Қазақстан облысында "Қазақмыс" корпорациясына қарасты Артемьев кенішінде жұмысшылар ереуілге шықты деп хабарлайды облыстың ақпараттық орталығына сілтеме жасаған Tengrinews.kz. "Қазақмыс" тобының Артемьев кенішінде 100 адамнан тұратын түнгі ауысымы жер астынан шығудан бас тартып, наразылық білдірді. Еңбек дауына қатысушылар жалақының көтерілуін, еңбек жағдайының жақсаруын, қайғылы оқиғалардан зардап шеккендерге өтемақы төленуін талап етіп отыр", - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта ереуілшілер, жұмыс беруші, кәсіподақ, қадағалаушы органдар мен жергілікті атқарушы билік өкілдері арасында келіссөз жүргізіліп жатыр. Еңбек дауына қатысушыларға тамақ пен ауызсу берілуде. Кәсіпорынның штаттық режимдегі жұмысы тоқтаған жоқ. "Еңбек дауын реттеу үшін Артемьев кенішіне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыс прокуроры Бағбан Тайымбетов, аумақтық еңбек инспекциясының жетекшісі Бақытбек Қизатов келді. Жағдайдың шешімін табу үшін облысқа "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы Эдуар Огай арнайы ұшып келді", - деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети