11 тамыз 2014 18:23

Кешенді экспедиция Ұлытау өңіріне жол тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Сәулет Сәкенов ©Сәулет Сәкенов

Қазақстан ұлттық география қоғамының кешенді экспедициясы Ұлытауға аттанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 


Қазақстан ұлттық география қоғамының кешенді экспедициясы Ұлытауға аттанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Ұлытау өңірінің тарихи мекендерін толық көлемде қайта зерттеп, жаңа ғылыми-қалпына келтіру жобаларын іске асыруды көздейтін саяхат - Қазақстан ұлттық география қоғамының бұл өлкеге жасалатын алғашқы экспедициясы. Ғалымдар осы сапарында Едіге, Тоқтамыс және Ұлытауда жерленген басқа да айтулы тарихи тұлғалардың басына барады.

 

Экспедиция жетекшісі – Қазақстан ұлттық география қоғамының ғылыми жобалар бойынша аға менеджері Сәулет Сәкенов. Саяхатқа 27 адам қатысып жатыр. Олардың арасында географтар, ботаниктер, тарихшылар, өлкетанушылар мен журналистер бар.

Ғылыми-танымдық экспедицияның тағы бір негізгі мақсаты - жаңа археологиялық ошақтарды табу. Зерттеушілер Ұлытаудың солтүстігінен 35 шақырым қашықтықта орналасқан "Хан ордасы" тарихи мекеніндегі "Ұлытау" мұражайының археологиялық жұмыстарына қатысатын болады.

Еске сала кетейік, аталған экспедиция тамыздың 22-сіне дейін жалғасады.

Бұған дейін Қарағанды облысында Ұлытау ұлттық табиғи саябағын құру жоспарланып отырғаны хабарланған еді. Сәкеновтің хабарлауынша, келешекте Қазақстан ұлттық география қоғамы осы тарихи ескерткіштерге бай өңірде туризмді дамытуды мақсат етеді. Экспедиция шеңберінде туристік бағыттар мен Ұлытау өңірінің Интернетке арналған карта-схемасы жасалмақ. Саяхаттың нәтижесінде деректі фильм әзірлеу де жоспарда бар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети