17 ақпан 2015 10:04

Кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы үндеуді Сенат 19 ақпанда талқылайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы үндеуі Парламент Сенатының 19 ақпан күні болатын кезекті отырысында талқыланады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі палата аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы үндеуі Парламент Сенатының 19 ақпан күні болатын кезекті отырысында талқыланады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі палата аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"16 ақпанда Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің жоғарғы палатасы бюросының отырысын өткізді және Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің үндеуі туралы мәселені 2015 жылғы 19 ақпанда болатын палатаның кезекті отырысының күн тәртібіне енгізуді ұсынды", - делінген хабарламада. 

Сенаторлар 19 ақпан күнгі кезекті отырыс барысында Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді және Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы және Кеден одағына мүше емес, бірақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімін ратификациялау туралы заң жобаларын, "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" заң жобасы және оған ілеспе құжатты, заңнамаға денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулерді, қолданыстағы заңнамаға зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарауды жоспарлап отыр.

Бюро отырысында Мәжілістен түскен заң жобалары да бөлініп берілді. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті "Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын одан әрі пысықтайтын болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети