22 қараша 2023 | 17:11

ҚМА Қазақстандағы заңсыз онлайн казинолар тізімін жасады

Фото:depositphotos.com

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан аумағында онлайн казино қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан аумағында онлайн казино қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Аталған тізім Мемлекет басшысының заңсыз құмар ойындарды өткізуді шектеу туралы тапсырмасын орындау аясында Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп құрылғаны айтылды.

Реклама
Реклама

"Тізім қаржылық мониторинг субъектілерінің заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл шеңберінде және өз қызметінде пайдалануы үшін ҚМА порталында орналастырылған. Ол заңсыз ойын бизнесін жүзеге асыру кезінде қаржы ұйымдарының өнімдері мен қызметтерін пайдалану деңгейін төмендетуге бағытталған.Ойынға тәуелділік адам тағдырын бұзатын қауіпті құбылысқа айналады. Бұл проблема отбасылық, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың туындауына және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға алғышарттар туғызады", - делінген хабарламада.

2019-2022 жылдар аралығында 73 жасырын казино жойылып, 2280 ойын терминалы тәркіленген.

"Жылдың басынан бері агенттік қызметкерлері 19 заңсыз ойын мекемесін және 111 ойын терминалын анықтады. Қабылданған алдын алу шараларының арқасында соңғы 5 жылда тіркелген істер санының 5,5 есеге төмендеуі байқалады. Сонымен қатар, бүгінде Агенттік заңсыз ойын қызметі (онлайн казино) белгілері бар әлеуметтік желілердегі сайттар мен аккаунттарға 3 мыңнан астам сілтемелерін бұғаттаған".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram