15 қараша 2015 13:37

ҚМДБ Парижде болған қайғылы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ria.ru/Philippe Wojazer © ria.ru/Philippe Wojazer

ҚМДБ Парижде болған қайғылы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚМДБ Парижде болған қайғылы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Париж қаласында болған террорлық оқиғаны ұйымдастырушылардың әрекетін қатаң айыптаймыз. Қаза болған адамдардың отбасына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Жарақат алған жандардың жуық арада жазылып кетуін Жаратушыдан тілейміз. Барша адамзат баласын бейбіт өмір сүруге, түрлі ұлт, дін өкілдерін бірлікке үндейтін Ислам діні жазықсыз адам қанын төгуге қарсы. Қасиетті Құранда: "Жазықсыз бір адамды өлтіру - бүкіл адамды өлтірумен тең", - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дін атын жамылып, озбырлық жасаушылардың, шектен шыққандардың әрекетіне әлемдік дәстүрлі дін лидерлерінің, халықаралық қауымдастықтардың күшін біріктіре отырып, тосқауыл қоюға шақырады.

Еске салайық, 14 қарашаға қараған түні Франция астанасы Парижде бірнеше теракт болды. Ақпарат құралдарының мәліметінше, белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың дыбысы естілді. Соңғы мәліметтер бойынша 153 адам қаза тапты, тағы жүздеген адам жарақат алған. Сегіз лаңкестің көзі жойылғаны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети