22 қазан 2014 14:38

Қоғам мүшелері ЕАЭО-да насыбайға қатысты тыйымды қолдауды сұрайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алексей Волосевич ©Алексей Волосевич

Қоғамдық ұйым өкілдері Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтан Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінде насыбайға қатысты тыйымның алып тасталуына жол бермеуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қоғамдық ұйым өкілдері Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтан Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінде насыбайға қатысты тыйымның алып тасталуына жол бермеуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қоғамдық ұйым өкілдерінің Сағынтаевқа жолдаған ашық хатында 2014 жылдың 21 қазанында Мәскеу Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының "Темекі бұйымдары" техникалық регламентіне қатысты шешім шығарғаны айтылды. Үндеу авторларының мәліметі бойынша, екі бастамаға тосқауыл қойылған - шегілмейтін темекі өнімін (насыбай мен шайнайтын темекі) өндіруге тыйым және темекі қорабындағы темекі шегудің зияны туралы ескертетін "қорқынышты" суреттерді салу жайында міндетті нормасы.

Ашық хат авторларының айтуынша, шегілмейтін темекіге тыйым салынбайынша насыбай мен шайнайтын темекіні (снюс) қолданатын қазақстандықтардың саны 1,7 миллионға жетуі мүмкін, халықтың 10,1 пайызы шегілмейтін темекі өнімін қолданады, темекі шайнайтындардың - 4,7 пайызы әйелдер және 15,2 пайызы ер адамдар. 

"Жоғарыда айтылғандарға орай сізден ЕЭК Кеңесі өкілі ретінде қорқынышты суреттерді қою мен шегілмейтін темекі өнімдеріне тыйым салу бойынша қазақстандық тәжірибені енгізу жайында принципті ұстанымдарды қолдауыңызды сұраймыз. Біз сізден қоғамдық ұйым өкілдерімен жеке кездесуіңізді сұраймыз, бұл шылым қоспасын қолдану туралы шынайы жағдайды және көрсетілген шараларды қабылдамаған жағдайда халық үшін оның нәтижесі қандай болатынын сізге айтып беруге мүмкіндік береді. Қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығының игілігі үшін әріптестік серіктестікке дайын екенімізді білдіреміз", - делінген ашық хатта. Хатқа Ұлттық медициналық қауымдастық, Қазақстан стоматологтарының бірыңғай қауымдастығы және "Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін" коалициясы өкілдері қол қойған.

Бұған дейін Қазақстан ІІД өкілі Қазақстанда насыбайға тыйым салынбайтынын айтқан еді. ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы Анатолий Выборовтың айтуынша, бұған насыбайдың есірткі заты ретінде танылмағандығы себеп.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети