29 қыркүйек 2016 10:57

Қожамжаровтың агенттігі ақша жинау деректері мен шенеуніктерге сыйлық жасау туралы шағымдарды өз бақылауына алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақша жинау деректері мен шенеуніктерге сыйлық жасау туралы шағымдарды өз бақылауына алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомсвтоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақша жинау деректері мен шенеуніктерге сыйлық жасау туралы шағымдарды өз бақылауына алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомсвтоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттік өкілдері азаматтардың мемлекеттік қызметкерлердің әдепке жатпайтын қылықтарына қатысты шағымдарын тіркеуге алатын болады. Азаматтар көбінесе мемлекеттік қызметкерлердің бір-біріне ерекше сый-құрмет көрсетуіне қатысты шағымдарды түсіреді екен. Мысалы, сыйлық тарту, көңіл көтеретін шараларды ұйымдастыру мен қызмет бабындағы сыйластықты сақтамау деректері.

Айта кетейік, сый-құрмет көрсетудің мұндай түрлері әсіресе, қызметтік іссапар кезінде көптеп кездеседі.

"Ережеге сәйкес, тексеріс кездерінде лауазымды тұлғаларды көңіл көтеруге болатын қымбат орындарға, сонымен қатар, оларға қымбат сыйлықтар беріліп, тұратын жеріне де ақша төленеді. Нәтижесінде шенеуніктер оларға алғыс ретінде пара береді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Мысалы, агенттік өкілдері Қаржылық бақылау комитетінің лауазымды қызметкерлеріне Қарағанды облысына тексеріс жұмыстарымен барғанда, оларға ерекше құрмет көрсетілгенін анықтады. Сондай-ақ, өңірлік мектептерді тексеретін ОҚО мен Ақтөбе облыстарындағы Білім саласындағы бақылау департаментінің лауазымды қызметкерлерінің тарапынан да мұндай ереже бұзушылқтар анықталды. Осыған ұқсас деректер денсаулық сақтау мен жер қатынастары саласында да анықталған.

Сонымен қатар, басшыларының туған күніне жұмысшылардан ақша жинау деректері анықталды. 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әр азаматтан келіп түскен шағымдарды өз бақылауына алатынын тағы да айтып өтті. Сондай-ақ, агенттік өкілдері мемлекеттік қызметкерлерлен этикалық нормаларды сақтауды сұрайды.

Айта кетейік, осыған дейін Талғат Татубаевтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына басшы боп келгені және Шпекбаев пен Шайымованың Қожамжаровтың орынбасары қызметіне келгені хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети