20 шілде 2016 13:52

Қожамжаровтың орынбасары жемқорлық жиі кездесетін мемлекеттік органдарды атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының орынбасары Талғат Татубаев жемқорлық жиі кездесетін мемлекеттік органдарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының орынбасары Талғат Татубаев жемқорлық жиі кездесетін мемлекеттік органдарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикоррупциялық қызметтегілер биыл бір жарым мыңнан аса жемқорлық деректері бар қылмыстарды анықтады.

"Олардың ішінде пара алу мен өкілеттікті асыра пайдалану деректері жиі кездеседі. Ақша жымқыру қылмыстары екі есе көбейген. Сонымен қатар, істің сотқа дейін баруы да жиі болған. 29 миллиард шығынның 8 миллиарды қайтарылды", - деп келтірді мәліметтерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының орынбасары Талғат Татубаев.

"Процессуалдық келісімнің негізінде аяқталған қылмыстық істердің саны үш есе көбейген. Оған айқын мысал ретінде EXPO көрмесіне қатысты істі айтуға болады. 23 сотталғанның ішінде - 12-і осындай мүмкіндікті пайдаланған. Кінәларын толықтай мойындай отырып, олар шығынды бөліп өтеді. Сондықтан да олардың жазалары жеңілдетілді. Осы іске қатысты басқа да фигуранттар 5 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды", - деді Татубаев.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 588 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Олардың 11-і республикалық, 39-ы облыстық, 79-ы қалалық және аудандық деңгейдегі қызметкерлер. "16 әкім мен олардың орынбасарлары. Жемқорлық жиі кездесетін қызметтерге әкімдік пен ішкі істер органдары, Ауылшаруашылық министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитеті жатады", - деді Талғат Татубаев.

Оның айтуынша, биыл денсаулық сақтау басқармасындағы алғашқы жемқорлық дерегі Жамбыл облысы мен Шығыс Қазақстан облыстарында анықталған. 

"Сонымен қатар, жемқорлық деректері "Фармация" ЖШС қызметінде де анықталды. Ол фирма медициналық препараттарды сатып алуда бірегей дистрибьютор болды. Содан олар дәрі-дәрмектердің бағасын көтерген болатын. Жүргізілген мониторингбарысында бағасы жоғары 22 дәріні нарықтағы бағамен салыстыра отырып, 3,5 миллиард теңге айырмашылық анықталды", - деді Татубаев.

"Мұндай зерттеулер ішкі істер органдарында да жүргізілді. Бүгінде құқық қорғау органдарындағы қылмыстық-атқару жүйесі мен жол-патрульдік қызметтер жемқорлық деңгейі жоғары құрылымдар болып танылды. Бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұндай қылмыстық құқықбұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік ұйымдарға 921 сотқа дейінгі өнідіріс, олардың ішінде әкімдіктегілерге 328, ішкі істер органдарына 323, әділет органдарына 39 сотқа дейінгі өндіріс тіркелді, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының орынбасары Талғат Татубаев.

Сондай-ақ, тәртіптік жауапкершілікке 765 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылып, 54 адам мемлекеттік қызметтен шығарылып  ал 65-і қызметінен босатылды. 125 адамға толық емес сәйкестілігіне байланысты ескерту айтылды.

Айта кетейік, биылдан бастап жемқорлықпен күресу мақсатында мемлекеттік органдармен кездесулер өткізу тәжірибесі енгізілді. Бұл кездесулер мемлекеттік органдардағы жемқорлықтың деңгейі туралы айта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізушілердің түсіндіру жұмыстары негізінде және диалог түрінде өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети