22 сәуір 2014 10:34

Көкпекті апатына жауапты азаматтарға айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tengrinews TV ©tengrinews TV

Көкпекті апатына жауапты ауылдық округ әкімі, төтенше жағдайлар басқармасының бастығы мен су қоймасының иесіне ресми түрде айып тағылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап. 


Көкпекті апатына жауапты ауылдық округ әкімі, төтенше жағдайлар басқармасының бастығы мен су қоймасының иесіне ресми түрде айып тағылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап. 

"Округ әкімі мен төтенше жағдайлар бойынша аудандық басқарма басшысына өз қызметін немқұрайлы атқарғаны үшін Қылмыстық кодекстің "Селқостық" бабына сәйкес айып тағылды. Бүгінде Бұхар жырау аудандық соты оларға қатысты ешқайда кетпеу шарасын қолдануға үкім шығарды", - деп хабарлады аудандық прокуратура.

Сот шешіміне сәйкес, олар өздерінің қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде атқармады. Соның салдарынан Көкпекті ауылын су басып, бес адам қайтыс болды. Прокуратураның хабарлауынша, әкім мен басқарма бастығына қатысты "ешқайда кетпеу" шарасын қолданудың өзіндік себебі бар. Олар бұл қылмысты әдейі істеген жоқ. Бұған дейін екеуі де істі болмаған. Дегенмен, Қылмыстық кодекстің 316-бабына сәйкес, айып тағылған азаматтар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылып, үш жылға дейін белгілі бір қызметтерді атқара алмауы әбден мүмкін.  

Көкпекті су қоймасының иесі - "Агрофирма "Шаңырақ" ЖШС директоры мен құрылтайшысынан да ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети