08 сәуір 2014 09:22

Көкпектіде гуманитарлық көмек төңірегінде дау туындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

"Тоғанның бұзылуы салдарынан зардап шеккен Қарағанды олбысы Бұхар-Жырау ауданы Көкпекті ауылына жеткізілген гуманитарлық көмекті бөлісу төңірегінде дау туындады" деп хабарлайды Tengrinews.kz "31 арна" телеарнасына сілтеме жасап. 


"Тоғанның бұзылуы салдарынан зардап шеккен Қарағанды олбысы Бұхар-Жырау ауданы Көкпекті ауылына жеткізілген гуманитарлық көмекті бөлісу төңірегінде дау туындады" деп хабарлайды Tengrinews.kz "31 арна" телеарнасына сілтеме жасап. 

Көкпектіге 30 тонна киім-кешек пен азық-түлік жеткізілді. Алайда, тұрғындар гуманитарлық көмектің мұқтаж жандарға жетпей жатқанын айтады. Олар үш машина гуманитарлық көмек жіберген қарағандылық киім-кешек дүкендерінің иелеріне тауарды төтенше жағдайдан зардап шеккендер емес, өзгелердің өзара бөлісіп алып жатқанын жеткізген. "Ана жаққа мектепке алып барды. Бәрін сонда қалдырдық. Бірақ, тұрғындар киім-кешекті төтенше жағдайдан зардап шегіп, жалаң аяқ, жалаң бас қалған жандар емес, кім-көрінгеннің иемденгенін айтады" - дейді бутик қожайыны Любовь Пискунова.

Көкпекті тұрғыны Лилия Величко бұл сөзді растап отыр. "Шіркеуге рахмет. Кеше келіп, қалған затарды артып, мұқтаж жандарға таратты. Әйтеуір аз болса да көмек қолымызға тиді. Көрпе, төсек жапқыш әкеліп жатыр. Бірақ оның көбін зардап шекпегендер алып жатыр. Мұны қалай түсінуге болады?" - дейді Лилия.

Бұхар-Жырау аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Надежда Алексеева жеткізілген киім-кешектер арасында жыртық, лас бұйымдардың барын айтады. Тіпті арасында құрт-құмырысқа да кезігеді екен. "Көмек сұрап келгендерге ана заттарды көрсетуге ұяласың. Үйде жиналып қалған, ештеңеге жарамсыз қоқысты жіберудің керегі жоқ" деп өтінді Алексеева.

Әлеуметтік қызметкерлер де тасқыннан зардап шекпеген Көкпекті тұрғындарының да көмек ретінде жеткізілген тауардан алғанын растап отыр. Тіпті гуманитарлық көмектен алып қалуға Астана тұрғыны да келіпті. Енді мұндай жағдайды болдырмау үшін жеткізілген гуманитарлық көмек тізім бойынша үйлерге жеткізіліп, адамдар қол қойып алатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, 31 наурыз күні түнде Көкпекті ауылы маңындағы бөгет бұзылған болатын. Нәтижесінде 300 үй су астында қалған. Төтенше оқиға салдарынан бес адам қайтыс болып, тағы алты адам ауруханаға жеткізілген еді. Тоғанның бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети