25 тамыз 2014 21:32

Көкшетауда алма ағашы екінші мәрте гүлдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда (Ақмола облысының орталығы) биылдыққа екінші мәрте алма ағашы гүлдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісіне сілтеме жасап.


Көкшетауда (Ақмола облысының орталығы) биылдыққа екінші мәрте алма ағашы гүлдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісіне сілтеме жасап.

"Қазгидромет" орталығы облыстық филиалының маманы Раушан Қалманбаева алма ағашының екінші мәрте гүлдеуіне соңғы күндердегі аймақтағы күннің қатты ысып кетуі әсер етуі мүмкін екенін айтады. 

"Соңғы күндері Астрахань ауданындағы Жалтыр станциясында 40 градус ыстық болса, Көкшетауда 29 градусты көрсетті. Орташа есеппен облыс аумағында 39 градусқа дейін күн жылыды. Бұған Жерорта теңізінен келген жылы желдің ағысы себеп болып отыр. Мұндай температура 5-6 жыл бұрын тіркелген болатын", - деді Қалманбаева.

Сөйте тұра, мамандар дүйсенбіден бастап, күннің қызуы басылатынын айтады. "Бірақ, айдың соңында күн тағы ысып, 33 градусқа дейін жетеді" дейді мамандар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети