26 тамыз 2015 16:07

Көкшетауда өзін-өзі атып өлтірген сарбазға әлімжеттік көрсетілмеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Көкшетауда өзін-өзі атып өлтірген сарбазға әлімжеттік көрсетілмеген - деп хабарлайды Тengrinews.kz Гранитның ауылындағы ЕЦ 166/25 мекемесіне сілтеме жасап.


Көкшетауда өзін-өзі атып өлтірген сарбазға әлімжеттік көрсетілмеген - деп хабарлайды Тengrinews.kz Гранитның ауылындағы ЕЦ 166/25 мекемесіне сілтеме жасап.

Қатардағы жауынгердің өлімі туралы түсінік берілмеді, ақпарат құпия сақталып отыр. Дегенмен Тengrinews.kz тілшісі ротаның басшысымен байланыса алды. Ол аты-жөнін атаудан бас тартты.

"Әзірше еш жерде нақты ақпарат жоқ. Сондықтан да мен нақты бірдеңе дей алмаймын. Ол менің ротама 3 тамызда келді. Әлімжеттік жасалу нұсқасы қарастырылды, бірақ олай болмай шықты. Қызметтестері жауынгерден оғаш қылық байқамаған", - деді рота жетекшісі.

Оның айтуынша, аралық нәтиженің қашан шығатыны да белгісіз. Сонымен қатар, ол тергеуді Ақмола гарнизоны әскери-тергеу басқармасының жүргізіп жатқанын айтты.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 25 тамызында сағат 10.20-да Көкшетауда Ұлттық ұланның әскери қызметшісі өзін-өзі атып өлтірген болатын. Дәрігерлердің айтуынша, сарбаз ауруханаға өлі күйінде жеткізіген. "1996 жылғы ер адам 25 тамызда сағат 11.25-те басына оқ тиген күйі түсті, ол әскери формада болды. Дәрігерлер оған ем жасамақ болды, алайда 11.45-те қайтыс болды", - деді Ақмола облыстық аурухананың дәрігер-нейрохирургы Талғат Бекенов.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети