19 қыркүйек 2020 10:02

Көкшетауда ТЖД қызметкерлері арасында жанжал болып, бір адам ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: tengrinews.kz Сурет: tengrinews.kz

Көкшетауда ТЖД қызметкерлері арасында болған төбелестен кейін бір адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көкшетауда ТЖД қызметкерлері арасында болған төбелестен кейін бір адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД басшысы Алексей Советовтың айтуынша, жанжал 17 қыркүйекке қараған түні жұмыстан тыс уақытта өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері арасында болған.

Тұрмыстық жанжал қайғылы оқиғаға алып келуі мүмкін еді, бірақ тергеу мүддесі үшін толық ақпарат келтірілмейтіні атап өтілді. Жанжал себебі - бір-бірін жақтырмау.

"Қызметкерлердің бірі ауруханаға жеткізілді, оған медициналық көмек қажет болды. Жәбірленушінің өміріне қауіп жоқ", - деді Советов.

Аталған дерек бойынша полиция департаменті соталды тергеу жүргізіп жатыр. Сондай-ақ ТЖД-да арнайы комиссия құрылды, ол оқиғаның мән-жайын анықтайды.

"Іс қорытындысы бойынша, кінәлі қызметкерлер қатаң тәртіптік жауапқа тартылып қана қоймай, қылмыстық жаза алады. Қосымша ақпарат хабарланады", - деп қорытындылады Ақмола облысы ТЖД бастығы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.68   490.7   4.99 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети