05 қараша 2015 14:54

"Көктөбе" мұнарасы архитектуралық көмескі жарықпен жабдықталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі © Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Көктөбе" телемұнарасында медиафасад пен басқарылатын көмескі жарық пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Телемұнараны жаңартуды қаржыландыру жергілікті бюджеттен емес, жеке инвестицияны тарту арқылы жүзеге асады.  


"Көктөбе" телемұнарасында медиафасад пен басқарылатын көмескі жарық пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Телемұнараны жаңартуды қаржыландыру жергілікті бюджеттен емес, жеке инвестицияны тарту арқылы жүзеге асады.  

Телемұнара күндіз өзінің бұрынғы келбетін сақтайды, оның қондырғылары мүлдем байқалмайды. "Мереке және жексенбі күндері көмескі жарық пен медиафасад іске қосылып, жарықкөзінің динамикасы ретінде жұмыс істеп, түрлі  тақырыптық ақпараттарды көрсетеді, ал күнделікті жұмыс күндері мультиколорлы мол жарық беретін болады. Телемұнарадағы барлық жарық көздері басқарылады", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Әкімдіктегілердің мәліметінше, жобаны жүзеге асыру үш негізгі кезеңге бөлінген, олар қондырғыны жеткізу, монтаждау және іске қосу. Құйылмалы көмескі жарықты қалыптастыру ( 55 күн), прожекторлы кешен (55 күн) және медиафасадты орнату (120 күн) сияқты бірқатар жұмыстар атқарылады.  

Еске сала кетейік, бұған дейін саябақтың директоры Нұрлан Қазиев Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, енді Көктөбеден Қапшағайдың көрінісін тамашалауға болатынын айтқан болатын. Көктөбеге қойылған жан-жақты көруге арналған айналмалы дөңгелек арқылы (аттракцион) бүкіл Алматыны, сонымен қатар, Қапшағай су қоймасын тамашалауға болады, мұндай ғажап көрініс таяуда жұрт назарына ұсынылады. Көктөбедегі тағы бір жаңашылдық - айналмалы дөңгелектегі көмескі жарықтар. Оған LED-экраны орнатылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети