04 сәуір 2014 11:29

"Қолжетімді баспана" қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Республика аймақтарында "Қолжетімді баспана -2020" бағдарламасы аясындағы тұрғын-үйдің бір шаршы метрі қымбаттады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР өңірлік даму министрлігіне сілтеме жасап. 


Республика аймақтарында "Қолжетімді баспана -2020" бағдарламасы аясындағы тұрғын-үйдің бір шаршы метрі қымбаттады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР өңірлік даму министрлігіне сілтеме жасап. 

Бағдарламаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бойынша 4-топқа жататын баспананың бір шаршы метрі Атырау, Өскемен және Ақтауда - 110 мың теңге, ал өзге өңірлерде 90 мың теңге тұратын болады.

Қазақстандық ипотекалық компаниясы арқылы осы санаттағы үйлердің бір шаршы метрі Атырау, Өскемен және Ақтау үшін 115 мың теңге болса, өзге өңірлерде 110 мың теңгені құрайды. Ал Астана мен Алматыда оның бағасы сол қалпы - 120 мың теңге болып қалады.

Сол сияқты әкімдіктегі кезек бойынша пәтер алатындар үшін баспананың бағасы өзгермейді. Астана мен Алматыда - 120 мың теңге, ал басқа аймақтарда - 80 мың теңге.       

"Баспананың бір шаршы метрінің бағасы оған кететін шығынға сай емес болғаннан кейін осындай шараларды қолға алуға тура келді. Олай болмағанда, тұрғын үй құрылысының сапасы төмендеп, бағдарламаны іске асыру жұмысы тығырыққа тірелетін еді", - делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети