27 ақпан 2014 14:15

Компанияларда жалақы төлеудегі алалаушылық жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Бұрнағы жылдарда Қызылорда облысы аумағында жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялар жергілікті жұмысшылар мен шетелдік қызметкерлерге жалақы төлеу мәселесінде алалаушылыққа барғаны белгілі. Осы орайда, мемлекеттік инспекция өкілдері мен прокуратура қызметкерлері бірлесе отырып, алалаушылыққа бой алдырған компанияларға тексеру жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тексеру нәтижесінде, кейбір компанияларда бірдей лауазымда қызмет атқаратын шетелдік және отандық маманның жалақысы түрліше екені анықталды. Яғни, ондай компаниялар мамандардың бірдей қызмет атқаратынына қарамастан қазақстандықтарға еңбекақы төлеуде кемсітушілікке жол берген. Облыста ондай 9 компания бар екен. Олардың қатарында «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «ҚуатАмлонМұнай БК» ЖШС, «Азеркорпу» ҚФ ААҚ, «СНПС АйданМұнай», «Аккорд-Окан БК», «Тодини Коструциони» АҚ және «Салини Коструттори» АҚ секілді мекемелер бар. Олардың кейбірінде қазақстандық маманға 100-150 мың теңге шамасында жалақы төленсе, сол қызметтегі шетелдік маман одан 5-10 есеге дейін жоғары жалақы алған. Қызылорда облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Нұрлыбек Жолдасбаевтың айтуынша, мемлекеттік инспекция аталмыш компанияларға осы мәселе бойынша заң бұзушылықтарды жоюға нұсқамалар беріліп, әкімшілік айыппұл салынған. Алайда, инспекция ұйғарымдарын ерікті түрде орындамаған компанияларға сот арқылы мәжбүрлеп орындату шаралары қабылданды. Соның нәтижесінде, бүгінгі күні 8 компания инспекция талаптарын орындап, бірдей лауазымдарда қызмет атқаратын отандық және шетелдік мамандар арасындағы айырмашылықтарды жойды. Дегенмен, «СНПС-АйданМұнай» АҚ аталмыш ұйғарымға қарсылық білдірді. Оларға ұйғарым талаптарын орындату туралы талап арыз бірінші сот отырысында қаралып, мемлекеттік еңбек инспекциясының талап арызы қанағаттандырылған еді. Алайда, компания бұл тұрғыда жоғары сатыдағы сотқа апеляциялық шағым түсірген. Ол істі қарау үстіміздегі жылдың наурыз айына бекітілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети