04 қараша 2021 09:55

Қорғаныс министрлігі Ресейден жеткізілетін әскери тауарлар туралы пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

ҚР Қорғаныс министрлігі Ресейден Қазақстанға қашан және қандай қару-жарақ пен әскери техникалар келетіні туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Қорғаныс министрлігі Ресейден Қазақстанға қашан және қандай қару-жарақ пен әскери техникалар келетіні туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігі 2021 жылы Ресей тарапы Қазақстан Қарулы Күштерінің мүддесі үшін "Орлан-10Е" ҰҰА бар көпфункционалды кешенді ғана жеткізетінін айтты.

"Сонымен қатар, Су-30СМ ұшақтары, Ми-35 м тікұшақтары, "Бук-М2Э" зениттік зымыран кешендері, БТР-80 және БТР-82А бронетранспортерлері, сондай-ақ атыс қаруын Қазақстан өткен жылдары сатып алған болатын. Қазақстан армиясының қару-жарағында "Тайфун - К" жеңіл броньдалған автомобильдері жоқ екенін қосымша хабарлаймыз", - деп мәлімдеді Қазақстан Қорғаныс министрлігінде.

Еске салайық, бұған дейін Ресей Ауғанстандағы дағдарысқа байланысты Қазақстанға әскери жеткізілімдерді жеделдеткені туралы хабарланған болатын. Бұл туралы БАҚ-та әскери-техникалық ынтымақтастық федералды қызметінің директоры Дмитрий Шугаев мәлімдеді. Оның мәліметінше, 2021 жылы Қазақстан мен Өзбекстанға Су-30СМ ұшақтары, Ми-35 М тікұшақтары, "Бук-М2Э" зениттік зымыран кешендері, БТР-80 және БТР-82А бронетранспортерлері, сондай-ақ "Орлан-10Е" ҰҰА бар көпфункционалды кешендер, "Тайфун-К" жеңіл броньдалған автомобильдері, атыс қаруы жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.66   490.7   4.89 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети