12 сәуір 2014 12:33

"Қорғас ісіне" қатысты үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Владимир Прокопенко Фото ©Владимир Прокопенко

Атышулы "Қорғас ісіне" қатысты үкім шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әскери аудандық сот залынан.


Атышулы "Қорғас ісіне" қатысты үкім шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әскери аудандық сот залынан.

Істегі негізгі айыпталушылардың бірі Талғат Қайырбаевқа қылмыстық істі ұйымдастырды, экономикалық контрабанда, ақшаны қылмыстық жолмен заңдастырды, пара алуға жол берді деген айыптар тағылып, ол 16 жылға бас бостандығынан айрылып, сот дүние-мүлкін тәркілеуге қоса үкім кесті және Қайырбаев жазасын қатаң мерзімдегі колонияда өтетін болды. Сондай-ақ оған бостандыққа шыққаннан кейін де үш жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынды.

Қылмысқа қатысы бар тағы бір тұлға Бақыт Отарбаев 13 жылға бас бостандығынан айрылды. Отарбаевтың да дүние-мүлкі тәркіленіп, оған да 3 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысыуына тыйым салынды.

Жоғары лауазымды тұлға Талғат Жақаев пен Ерлан Әбдрахмановқа сот 17 жылдық мерзімде қатаң режимді колонияда жазасын өтеуді кесті.

Бұған қоса оларға жазасын өтеп шыққаннан кейін 3 жылдық межеде мемлекеттік қызметке араласуына тыйым салынды. Сондай-ақ Талғат Жақаевтан полковник шені, Әбдрахмановтан подполковник шені алынды. Ал олардың әріптесі Бақытбек Құрманғалиев 16 жылға бас бостандығынан айрылды. Оның да  полковник шені қоса алынып, 5 жылға дейін мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салынды.

Өз кезегінде Алматы облыстық Кеден қызметінің экс-басшысы Құрманбек Артықбаевқа да қатаң жаза тағайындалды. Сот оған қаржылық қылмысқа араласып экономикалық сыйбайлас жемқорлыққа қатысы бар болғаны үшін 14 жылға үкім кесіп, Артықбаевтың да полковник шені алынып, кедендік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынып, мемлекеттік қызметтен 5 жылға аластатылды. Оның да дүние-мүлкін тәркілеу туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, "Қорғас ісіне" қатысты  өзге тұлғаларға да прокурарлар 12 жылдан үкім кесуді сұраған. Дегенмен бұл іске қатысы бар өзге тұлғаларды сот 5-10 жыл аралығында бас бостандығынан айырды. Олардың да әскери шені алынып, мүліктері тәркіленуге үкім шықты. 

Еске салайық, бұл іске қатысты қылмыстық топтың астыртын әрекеттерін қаржы полициясы 2011 жылы әшкерелеген болатын. Лауазымды тұлғалардан құралған ұйымдасқан топ 5 жыл бой Қазақстан –Қытай шекарасында заңсыз тауар тасымалдап келген.

Бұл іс бойынша айыпталушылардың саны 45-ке жеткен. Айыпталушылар – Ұлттық қауіпсіздік және Кедендік бақылау комитетінің лауазымды тұлғалары. Оларға "жалған компания құрып, заңсыз жолмен тауар тасыды" деген айып тағылды.
Тергеу амалдарынан кейін сот ісі 2013 жылдың 20 маусымынан басталды. Оған 4 прокурор, 35 адвокат қатысты. Бұған дейін барлығы 162 сот отырысы болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети