08 қыркүйек 2015 09:55

Қостанай әкімі қызметінен босады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ахметбек Ахметжанов. © kostanay.gov.kz Ахметбек Ахметжанов. © kostanay.gov.kz

Бүгін Қостанай қаласының әкімі Ахметбек Ахметжанов қызметінен босады, - деп хабарлайды "Алау" басылымы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін Қостанай қаласының әкімі Ахметбек Ахметжанов қызметінен босады, - деп хабарлайды "Алау" басылымы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовтың бұйрығымен Ахметбек Ахметжанов өз қалауы бойынша қызметінен босады. Сонымен қатар, қала әкімінің уақытша міндетін атқарушы болып Сәндібек Қайрат Амантайұлының тағайындалғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, Ахметбек Ахметжановтың екі орынбасары - Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян ұсталған болатын. Олар таяуда ұсталған болатын. Қалиев 2015 жылдың 1 тамызында "Премиум Палас" мейрамханасының маңында ұсталды. Ал Аракелян 3 тамызда жұмыс бөлмесінде ұсталды.Еске салайық, осыған дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіндегі дереккөз Фрунзик Аракелянның ұсталғанын бейресми түрде растаған еді. Ал оның алдында Қостанай әкімінің тағы бір орынбасары Мақсұт Қалиевтің ұсталғаны хабарланды. Қостанай қалалық №2 соты оны қамауға алуды санкциялады. Сонымен қатар, кәсіпкер Гагик Овнанян да ұсталып отыр. Ол әкім орынбасарына пара берді делінеді. Екеуі де қамауға алынған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети