17 ақпан 2015 19:12

Қостанай әкімінің орынбасары сот арқылы да қызметінен кете алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Валерий Полешко. ©top-news.kz Валерий Полешко. ©top-news.kz

Қостанай әкімінің орынбасары Валерий Полешко сот арқылы да қызметінен кете алмады, - деп хабарлайды "Наша газета" порталы. Талапкер соттың көмегімен Қостанай қаласының әкіміне оның өз еркімен жұмыстан кету туралы жазған өтінішіне қол қойдыруға тырысты.


Қостанай әкімінің орынбасары Валерий Полешко сот арқылы да қызметінен кете алмады, - деп хабарлайды "Наша газета" порталы. Талапкер соттың көмегімен Қостанай қаласының әкіміне оның өз еркімен жұмыстан кету туралы жазған өтінішіне қол қойдыруға тырысты.

Судья Мұрат Адамның түсіндіруінше, Қостанай әкімі орынбасарының жұмыстан кетуіне байланысты мәселемен оның заңгері айналысуы тиіс. "Сот Полешко азаматтық құқығын қорғаудың бұрыс жолын таңдады деп есептейді. Мұндай тәсіл еңбек заңнамасында да, "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңда да қарастырылмаған. Полешконың сотқа басқа да талаптар бойынша арыздануға мүмкіндігі бар, бірақ біздің кеңес беруге қақымыз жоқ", - деді судья.

Еске сала кетейік, Полешко жұмыстан кету туралы шешім шығаруына денсаулығының жарамсыздығы себеп болғанын түсіндірді. Сондықтан ол жұмыстан кету туралы өтінішін 2014 жылы 25 желтоқсанда жазып қойды, ал 19 және 20 желтоқсан күндері оның жүрегіне екі операция жасалды. Алайда Қостанай қаласы әкімінің аппарат басшысы Рүстем Қаркенов оған қатысты тәртіптік кеңестің шешімі болғандықтан Полешкоға оны жұмыстан өз еркімен шығара алмайтынын айтты.

Қостанай әкімінің орынбасары Валерий Полешконы бұған дейін тәртіптік кеңес "Қолжетімді баспана" бағдарламасы бойынша тұрғызылған газы жоқ көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға бергені үшін жұмыстан шығаруды ұсынған еді. Тәртіптік кеңестің мұндай шешіміне прокурорлық әрекет ету шаралары негіз болды. 2013 жылдың 20 желтоқсанында Қостанай әкімінің орынбасары "Қолжетімді баспана" бағдарламасы бойынша тұрғызылған үйдің мемлекеттік қабылдау комиссиясының төрағасы бола отырып үйді пайдалануға беру туралы қабылдау актісіне заңсыз қол қойғаны анықталды. Ғимаратта газбен қамту жүйесі болмай шықты, соның салдарынан 126 пәтердің тұрғындары сегіз ай бойы газсыз отырды. Валерий Полешко 20 қаңтарға дейін тәртіптік жауапкершілікке тартылуы тиіс еді. Бірақ Полешко денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз болғандықтан демалысқа кетті. Осыдан кейін Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Валерий Полешко жұмыстан өз еркімен кету туралы өтінішіне қол қоймағаны үшін қала әкімін сотқа берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети