31 қазан 2014 14:38

Қостанай билігі бір апта бойы сусыз отырған тұрғындардан кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tut.by ©Tut.by

Қостанай облысының әкімсі Нұралы Сәдуақасов қаланың 120 үйін бір апта бойы сусыз қалдырған ірі апат туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысының әкімсі Нұралы Сәдуақасов қаланың 120 үйін бір апта бойы сусыз қалдырған ірі апат туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз жұрттан кешірім сұрадық, себебі мұндай жағдай ыңғайсыздық туғызатынын түсінеміз. Бірақ соған қарамастан жағдай болып тынды", - деді ол ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметіндегі брифингте тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Сәдуақасов апаттың неден болғанын айтып берді. "Өздігінен ағатын үш коллектордың жөндеу жұмысы қосылып кетіп, бір жерінен ақау кетті. Оның жөндеу жұмыстарын бітіру үшін қаланың 1190 үйінің 120 үйінде суды өшіруге тура келді. Сондықтан 4-5 күн ішінде бұл жағдайды дұрыстаған соң адамдарға хабарын бердік, қала әкімдігі жұмыс істеді, әрқашан хабарлап отырды, су жеткізіліп тұрды. Жөндеуді бітіре салғанда екінгі апат болды. Шын мәнінде, 6-7 күн бойы үйлерде су болмады, кезең бойынша қосып отырдық. Бүгін оны жөндеп бітірдік, бірақ бұл нысандағы жұмыстар әлі де жүріп жатыр", - деді ол.

Әкімнің айтуынша, бүгінде қаланың су өткізу торабы 60-80 пайызға тозып кеткен. "Әр жыл сайын бюджеттік инвестициялық жобалар бізге инженерлік коммуникациялардың жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Мұнда мемлекеттік түрлі бағдарламалар көмектеседі", - деді ол.

Сонымен бірге, ол күрделі апаттардың жылына бір рет болып тұратынын айтты. Ол Рудный қаласында КамАЗ жүргізушісі басқаруға ие бола алмай қалып, газ құбырын құлатқан жағдайды және 2012 жылы Қостанай қаласындағы қазандықтың жарылуын мысалға келтірді. Әкімнің айтуынша, екі апаттың салдары да 1,5 тәулік ішінде залалсыздандырылып біткен. 

Бұған қоса, Сәдуақасов облыстың 27 елді мекені ғана немесе қостанайлықтардың 75 пайызы ғана орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілгенін айтты. "Ақ бұлақ" бағдарламасының қабылдануынан кейін облыста 78 жобаны іске асыруға шамамен 20 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде 13 қана су құбырын салу қарастырылған. Себебі біз осы жылдарда елді мекендер мен аудан орталықтарындағы аса қатты тозып кеткен су құбырларын қайта қалпына келтірумен айналыстық. Қалған жұртты сапалы сумен жылдам қамтамасыз ету мақсатында келесі жылдан бастап су құбырын салуға арналған жобаларды жасау бойынша жұмыстьар жүргізіледі. Бірақ ауылдарды орталықтандырылған сумен қаптамасыз ету жылдамдығын еселеп көбейту керек, және біз мұны өте жақсы түсінеміз, "Ақ бұлақ" бағдарламасын орындауға мүмкін болғанның бәрін жасаймыз", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети