18 мамыр 2020 09:18

Қостанай облысында 17 жастағы студент үш аптадан бері іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Нуржан Смаилов/"Тобол Инфо" Фото: Нуржан Смаилов/"Тобол Инфо"

Қостанай облысының Алтынсарин ауданында Руслан Жуванышевті 19 тәуліктен бері іздеп жатыр, - деп хабарлайды  "Тобол Инфо".


Қостанай облысының Алтынсарин ауданында Руслан Жуванышевті 19 тәуліктен бері іздеп жатыр, - деп хабарлайды  "Тобол Инфо".

Полицейлер, еріктілер және ТЖД қызметкерлері 17 жастағы жігітті судың астынан да іздеп жатыр.

Сүңгірлер аймақтағы төрт көлді, қамыстардың арасын түгел тексеріп шықты. Әзірге табылмады. Бірнеше күн дронмен іздеді, бірақ одан да нәтиже шықпаған.

 "Көп жерді бірнеше рет қарадық. Алғашқы күндері жергілікті тұрғындар түгел шықты", - дейді учаскелік полицей Темірлан Ағыбаев.

"Жігіттің келеңсіз істерге қатысы болмаған. Не болғанын түсіне алар емеспіз", - деп қосты ол.

Жоғалған жігіттің туыстары бақсы-балгерлерге барып та көрген. Біреулері "міне-міне табамыз" дегенмен, әзірге жігіт те, денесі де жоқ.

Русланның анасы қайғырып отыр. Дарбаза ашылған сайын үмітпен қарайды. Оны қарындасы Карина да күтіп жүр. Руслан 29 сәуірге қараған түні жоғалған. Ол кезде достарымен балық аулауға кеткен. Соңғы рет сағат 00.18-де досына қоңырау шалған.

Руслан Жуванышев Сарыкөл колледжінде оқыған. ТЖ-ға байланысты сәуірде үйінде болған.

Басылым қазір "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жазды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети