22 наурыз 2014 11:24

Қостанай облысында 200-ден аса адам қар құрсауынан құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ТЖМ баспасөз қызметі © ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қостанай облысында 200-ден аса адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 21 наурыз күні Астана уақытымен сағат 6:30 "Қостанай-Қарасу" автожолында 16 жеңіл автокөлік пен екі автобус қар құрсауында қалып қойған. Олардың ішінде 96 адам болған, оның 18-ін сәбилер құраған. "Шығыс" КММ, "Ғасыр-Қарасу" ЖШС, "Караман-К" ЖШС және "ДЭУ" ЖШС-терінің күшімен (бес техника) автокөліктер қардан тазартылған жолға дейін сүйретіліп шығарылды. Олар ары қарй өздерінің сапарларын жалғасатырды. Зардап шеккендер болған жоқ",- делінген ведомстваның хабарламасында. ТЖМ сайтының ақпаратына сенсек, 21 наурыз күні ішінде 107 адамы бар 47 көлік қар құрсауында қалып қойған екен. "Дәл сол күні Астана уақытымен сағат 19:57-де "Қостанай-Қарабұтақ" автожолында 47 автокөлік қар құрсауында қалып қойды",- делінген ТЖМ хабарламасында. Кейін құтқарушылардың күшімен көліктердің барлығы қардан тазартылған жолдарға дейін сүйретіліп шығарылып, ары қарай өз сапарларын жалғастырған. Ведомстваның мәліметінше, мұнда да ешқандай зардап шеккендер болған жоқ. Бұдан бөлек, ТЖМ мәліметінше, 20 наурыз күні Қостанай облысында қатты желдің салдарынан көптеген ғимараттың шатырлары ұшып кеткен. "Құрбан болғандар мен зардап шеккендер болған жоқ",- делінген ведомстваның хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети