31 қазан 2023 13:39

Костенко шахтасындағы қайғылы оқиға: премьер-министр кінәлілерді атады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды облысы Костенко шахтасындағы апатқа кәсіпорын басшылығы кінәлі екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды облысы Костенко шахтасындағы апатқа кәсіпорын басшылығы кінәлі екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы кеншілердің қазасына байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

"Осындай апат биыл тамызда да болған. Ол кезде 5 кенші қаза тапты. Көптеген адам өліміне әкеп соққан апат өндірістегі қауіпсіздік талаптары сақталмауына тікелей байланысты. Бұл - бірінші кезекте кәсіпорын басшылығының кінәсі", - деді ол Үкімет отырысында.

Еске салайық, алдымен бұл шахтада 7 адам қаза тапқаны белгілі болды. Ал екі күн бұрын қаза тапқандар саны 46 адамға жетті. Бүгін Сырым Шәріпханов соңғы кеншінің денесі табылғанын айтты. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.25   490.7   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети