10 желтоқсан 2014 17:03

ҚР жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша шаршы метрдің құны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz иллюстрациясы ©Tengrinews.kz иллюстрациясы

Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша шаршы метрдің құны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаевқа сілтеме жасап.


Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша шаршы метрдің құны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаевқа сілтеме жасап.

Вице-министр жаңа тұрғын үй бағдарлама бойынша шаршы метр құнының шамамен қанша болатынын айтты. "Астана мен Алматыдан сатып алынған баспана құны 200 мың теңге (шаршы метр үшін - Авт.), соғылып біткен тұрғын үй - 185 теңге шамасында болады. Өңірлерде болса сатып алынған үй - 165 мың теңге және соғылып біткен үй - 150 мың теңге. Астана мен Алматыда соңында сатып алу мүмкіндігі бар екі бөлмелі пәтерді жалға алу құны - 50 мың теңге, ал өңірлерде 40 мың теңгеден жоғары болады. Ал соңында сатып алынбайтыны одан да арзан", - деді вице-министр Парламент Сенаты комитетінің отырысында. 

Мұнымен қатар, Өскенбаев бұл бағдарлама бойынша "сатып алынбайтын жалға беру" механизмі жұмыс істейтінін айтты. "Мұнда екі бөлмелі пәтерді жалға алу құны 27 мың теңге. Ауыл үшін бөлек қарастырып жатырмыз, бірақ мұнда жұмыс берушімен бірлесіп қаржы құю шарттарында онымен бірге тұрғын үй салу үшін келісіп жатырмыз", - деді ол.

Негізгі категория - жас отбасылар, қалғандары - жергілікті атқару органдарындағы кезекте тұрғандар. "Тізімдер Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы әкімдікте жасалады. Астанада көктемге қарсы үйлердің жартысы дайын болып қалуы мүмкін", - деді ол.

Өскенбаев жаға бағдарлама аясында жас отбасылардың жас шегі 29 жастан 35 жасқа дейін өзгеруі мүмкін екенін айтты.

9 желтоқсанда жаңа тұрғын үй бағдарламасына енгізілген бағыттар үкімет отырысында тұжырымдамалы түрде мақұлданды. "Ұлттық қордан ақша "Бәйтерекке" 0,01 пайызбен жіберіледі, 0,15 пайызбен ақша "ҚИК" (Қазақстан ипотекалық компаниясы) акционерлік қоғамына жіберіледі. Біз қазіргі уақытта механизм жасап жатырмыз - үй соғуға, дайын үйлерді сатып алуға мүмкіндік беріп жатырмыз. Шамамен айтқанда ешқандай алдын ала төлем жасалмайды", - деді Өскенбаев.

Өскенбаевтің айтуынша, қазіргі уақытта параметрлер анықталып жатыр. "Жалға берілген үйдің төлем сомасы сатып алу есебіне саналады. Жалға алушы бес жылдан соң бұл пәтерді сатып алуға құқы бар. Егер оның мүмкіндігі болмаса, оған пәтер 20 жылға беріледі", кейбір категориялар бойынша, мәселен, жетім балаларға жалақы төлемі 30 жылға дейін созылуы мүмкін. Даулы мәселе - баға индекстеле ме, жоқ па. Біз қазір механизм жасап жатырмыз, әзірше индекстелмейді деген идея бар. Теңгемен төленетін жал 20 жылға созылады. Ешқандай да пайыздық төлем мен алдын ала төлем қарастырылмайды", - деді ол.

Жаңа тұрғын үй бағдарламасы 2014 жылдың соңына дейін бекітілуі тиіс, 2015 жылдан бастан салына бастайды. Еске сала кетейік, Қазақстандағы жаңа тұрғын үй бағдарламасын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жариялады. Ол жаңа тұрғын үй бағдарламасының аясында баспана делдалсыз, тікелей берілетінін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети