03 сәуір 2017 13:13

ҚР Жоғарғы соты Бақытбек Есентаевқа шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Жоғарғы соты Бақытбек Есентаевқа шыққан үкімді қайта қараудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі


ҚР Жоғарғы соты Бақытбек Есентаевқа шыққан үкімді қайта қараудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

"29 наурызда ҚР Жоғарғы сотының кассациялық алқасы Бақытбек Есентаевқа шыққан үкімді қайта қараудан бас тартты", - деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, 3 қарашада белгілі продюсер Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаев сотта соңғы сөзін сөйлеген болатын. Осыдан кейін сот үкімін шығарды. Сотталушы "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Есентаевтың адвокаты үкімге шағым түсіретінін мәлімдеген еді. "Біз апелляциялық шағым түсірмекшіміз, үкім негізсіз деп есептейміз (...) Ол дене жарақатын салды, адам өлтіруге оқталған жоқ, біз осыны дәлелдейміз", - деген еді Бекболат Жексейітов.

Еске сала кетейік, 10 маусымда Баян Мақсатқызы Талғар ауруханасына бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақаты және мұрынның сынуы диагнозымен түскен болатын. Алдын ада мәлімет бойынша, оны күйеуі Бақытбек Есентаев ұрып-соққан. Бұл оқиға Құлжа тас жолында болған. Талғар аудандық ІІБ Бақытбек Есентаев екі айға қамауға алды, ал жәбірленушіге үш сағат бойы ота жасалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети