08 наурыз 2014 21:24

ҚР Қарулы күштері қатарында сегіз мыңнан астам қыз-келіншек қызмет етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінен Сурет ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінен

Бүгінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қатарында сегіз мыңнан астам әскери қызметші қыз-келіншек бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі сайтына сілтеме жасап. 821 қыз-келіншек офицер шенінде болса, 54-і Қазақстан Қарулы күштері қатарында басшылық лауазымдарды атқаруда. Қазақстан әскері сапында қызмет атқарып келе жатқан әйелдер арасында сегіз полковник, 27 подполковник, 134 майор, 211 капитан, 258 аға лейтенант және184 лейтенант бар. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков қорғаныс саласында еңбек етіп жүрген әскери қызметші әйелдерді 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады. Жақсыбеков өздерінің еңбегімен Қарулы Күштерімізді нығайтуға үлкен үлес қосып келе жатқан қыз-келіншектерге ризашылығын білдірді. Қорғаныс ведомствосының басшысы мереке құрметіне орай ерен еңбегімен көзге түсіп жүрген әскери қызметші әйелдерге кезектен тыс әскери атақтар беріп, мақтау қағаздарырмен марапаттады. Қазақстан Қарулы Күштері қатарында қызмет атқарып жүрген әйелдер өздерінің жоғары кәсіби біліктіліктерімен әрдайым сенім үдесінен шығып келеді. Көптеген аяулы жандар ер азаматтармен бірдей Отан қорғау ісіне атсалысып, жауынгерлік міндеттерді атқарып жүр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети