25 қазан 2016 12:57

ҚР ІІМ басшысы Алматыда банк күзетшісіне жасалған шабуылды радикалдармен байланыстырмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР ІІМ басшысы Алматыда банк күзетшісіне жасалған шабуылды радикалдармен байланыстырмайды және оны қарақшылық деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ІІМ басшысы Алматыда банк күзетшісіне жасалған шабуылды радикалдармен байланыстырмайды және оны қарақшылық деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әзірше радикалдарымен байланысын бақылап отырған жоқпыз. Меніңше, бұл қалыпты қарақшылық. Қылмыскерлер банк жұмысының тәртібін тиянақты зерттеген. Бұл "Центркредит" кеңседе орналасұан. Таңғы уақытта сол жаққа ақша жеткізілген, күзетші осы қаражатты алған. Сосын ол әжетханаға кеткенде, екі қылмыскер кіріп келген. Олар күзетшімен бірге банкке кіріп, қаражат ұрлағысы келген. Күзетші травмат тапаншасын шығарған, бірақ ата алмаған. Қылмыскерлер оның қаруын тартып алған. Осы уақытта басқа қызметкерлер келіп қалып, қылмыскерлер қашып кеткен. Қазір қылмыскерлерді іздеу бойынша шаралар жүріп жатыр", - деп хабарлады журналистерге ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ҚР үкіметінің ғимаратында.

Министр травмат қаруының қаскөйлерде екенін қоса айтты.

Еске салайық, осыған дейін Алматыдағы банктердің біріне шабуыл жасалғаны хабарланған болатын. Белгісіз екеу күзетшінің қаруын алып кеткен. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қазіргі уақытта қалада "Дабыл" ұстау жоспары жарияланған болатын. Ал кейінірек куәгер банк күзетшісіне жасалған шабуыл жайлы айтып берген еді.

Cондай-ақ, қазіргі уақытта банк күзетшісіне жасалған шабуылға қатысты соталды тергеудің басталғаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети