27 мамыр 2016 15:39

ҚР ІІМ басшысы журналистердің құқығын қорғау туралы нұсқау берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ecacolleges.com © ecacolleges.com

ҚР ІІМ басшысы журналистердің құқығын қорғау туралы нұсқау берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ІІМ басшысы журналистердің құқығын қорғау туралы нұсқау берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктегілер биыл 21 мамырда полицияға заңсыз митинг ұйымдастырушылар мен рұқсат етілмеген акцияларға белсенді қатыушылардың жеткізілгенін еске салды.

"Өкінішке қарай, олармен бірге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де ұсталды. Кейін олар босатылды. Республиканың ішкі істер министрі тәртіп бұзушылық әрекетердің алдын алудағы кемшіліктер бойынша жиын өткізілді, өзінің кәсіби міндетін атқарған журналистердің құқығын қорғау бойынша ережелер дайындалып, жолданды", - деп хабарлады ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Сонымен қатар, ол БАҚ өкілдеріне үндеу жасады. "Журналист қоғамдық шараға азамат ретінде бара ма, әлде журналист ретінде бара ма - анықтап алуы керек. Бұл маңызды, себебі журналистің құқығы мен қоғамдық шараға қатысушылардың құқықтары әртүрлі. Мәселен, журналист заңсыз шаралар туралы жазуға құқығы бар, ал сол заңсыз шараларға қатысу мен ұйымдастырудың жауапкершілігі бар. Айта кетейік, бұқаралық акцияларға баратын журналистердің қызметтік куәлігі, бейджі, мүмкіндігінше баспасөз белгілері: қол таңғышы, бас киімдері, "Пресса", "БАҚ" жазуы бар жилеттер болуы тиіс", - деді Алмас Сәдубаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети