24 қаңтар 2015 16:52

ҚР ІІМ ЕАЭО елдерінен әкелінген автокөліктерді тіркеу жөнінде түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

drom.ru drom.ru

ҚР ІІМ Қазақстанға ЕАЭО мемлекеттерінен әкелінетін автокөліктерді тіркеу жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ҚР ІІМ Қазақстанға ЕАЭО мемлекеттерінен әкелінетін автокөліктерді тіркеу жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство өзінің аумақтық бөлімшелеріне Ресей мен Беларусьтен келетін көлік құралдарын автокөлікті тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету стандартында бекітілген мерзімде тіркеуді тапсырды. Бұл халыққа қызмет көрсетудің сапасын жақсартуға және жемқорлыққа жол бермеуге мүмкіндік жасайды. 

"Қазақстанға көлік құралдарын заңсыз әкелудің жолын кесу мақсатында ЕАЭО мемлекеттерінің өкілетті органдарына көлік құралын есептен шығаруды растау және тіркеу құжатын беру жөніндегі өтініш автокөлікті ішкі істер органдарына тіркегеннен кейін бағытталатын болады", - деп хабарлады комитет өкілдері. 

Автокөлікті заңсыз әкелу дерегі анықталған жағдайда ішкі істер органдары заңнамаға сәйкес тиісті процессуал шешімдерді қабылдайтын болады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ақпарат құралдары ЕАЭО елдерінен автокөліктерді импорттаудың 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген жаңа ережелерінің өзгертілуі мүмкін екенін хабарлаған болатын, бұған двигателі Евро-4 стандартына сай емес машиналарды кедергісіз әкелудің еліміздің заңнамаларына қайшы келетіні себеп делінді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети