21 наурыз 2016 11:57

ҚР ОСК парламент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі сайлауының алдын ала қорытындысын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі сайлауының алдын ала қорытындысын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың мәліметінше, үш саяси партия: "Нұр Отан", ҚКХП және "Ақ жол" 7 пайыздан жоғары дауыс жинады. 

Оның қорытындысы былай:

"Нұр Отан" - 82,15 пайыз;

"Ақ жол" демократиялық партиясы - 7,18 пайыз; 

Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП) - 7,14 пайыз;

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 2 пайыз;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 1,18 пайыз;

"Бірлік" партиясы - 0,29 пайыз.

"Осылайша көш басында "Нұр Отан" партиясы, одан кейін "Ақ жол" және Қазақстан коммунистік халық партиясы тұр. Бұл партиялар заңмен белгіленген 7 пайыз дауысқа ие болды, бұл оларға Парламент Мәжілісінде болуға жол ашады. Нақты қорытындыны ОСК заңға сәйкес 26 наурызға дейін анықтауы тиіс", - деді Тұрғанқұлов.

Еске сала кетейік, сайлау 9840 учаскеде өтті, олардың 65-і шетелдердегі ҚР өкілдіктерінде ашылған. Сайлаушылардың тізіміне 9 791 165 кірді. 7 миллион 500 мың қазақстандық дауыс берді. Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандықтардың 77,1 пайызы дауыс берген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети