24 қаңтар 2017 18:56

ҚР СІМ басшысы Астанадағы сириялық келіссөздер бойынша қорытынды мәлімдемені оқыды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР СІМ басшысы Қайрат Әбдрахманов Астанадағы сириялық келіссөздер бойынша қорытынды мәлімдеме оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР СІМ басшысы Қайрат Әбдрахманов Астанадағы сириялық келіссөздер бойынша қорытынды мәлімдеме оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 қаңтарда шамамен сағат 14.00-де басталған келіссөздер 24 қаңтарда түстен кейінгі уақытта аяқталды. Ресей, Иран және Түркия өкілдері дайындаған қорытынды құжаттың мәтінін Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов оқыды.

"Оқ атуды толықтай тоқтатуды, арандатудың жоқтығын және барлық тиісті мәселелерді қадағалайтын үшжақты механизм жасау туралы шешім шығарылды. Біз Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ-қа қарсы күресті жалғастыруға дайын екенімізді және оларды қарулы оппозицияның басқа бөлігінен бөліп қарауға дайынбыз. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2254 резолюциясына сәйкес келіссөздерді шұғыл бастау керек деген пікірдеміз", - деп оқыды қорытынды мәлімдеменің мәтінін ҚР СІМ басшысы.

Қайрат Әбдрахманов келіссөз процесінің қатысушылары Сирия бойынша Астанада өткен халықаралық кездесудің Сирия үкіметі мен оппозициясының арасындағы тікелей диалог үшін тиімді алаң екенін атап өткенін хабарлады.

"Оппозициялық қарулы топтардың келіссөздердің келесі кезеңіне қатысу ниетін қолдаймыз. Үкімет пен оппозиция арасындағы бұл келіссөздер 2017 жылдың 8 ақпанында Женевада БҰҰ қарауында өтеді. Халықаралық қауымдастықтың барлық мүшесін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2254 резолюциясымен келісілген барлық іс-шараның жүзеге асырылу саяси процесін қолдауға шақырамыз. Астана платформасында БҰҰ аясында сириялық саяси процесті қамту үшін, жаһандық процестерге үлес қосу үшін белсенді әрекеттестікте болу туралы шешім шығардық", - делінген Ресей, Иран және Түркия өкілдерінің қорытынды мәлімдемесінде.

ҚР СІМ басшысы Сирия бойынша келіссөздерге қатысушылардың қабылдаушы тарапқа алғыс білдіргенін атап өтті.

"Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, жалпы Қазақстанға Астанада халықаралық кездесу қабылдағаны үшін алғыс білдіреміз".

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети