27 қыркүйек 2017 12:15

ҚР СІМ Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Сыртқы істер министрі Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанның Анталиядағы консулы біздің азаматтармен әрдайым байланыста, ауруханаға барып тұрады. Жеті дос Анталияға өздері барған, өкінішке қарай, сақтандыру полисі болмаған. Сондықтан жол апатынан кейін отаның және медициналық қызметтердің ақысы бойынша қиындықтар болды. Десе де біздің дипломат түрік тарапымен бес азаматтың медициналық шығындарын қаза болған такси жүргізушісінің сақтандыру компаниясына төлетуге қол жеткізді. Қалған екі азаматтың ота ақысы бойынша мәселесі қазіргі уақытта шешіліп жатыр", - деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

СІМ өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы тұрақты. Екі адамның жамбас буындары сынған, құйымшақ жүйкесі зақымдалған, зардап шеккен қыздардың бірінің ауыр ми жарақаты бар, үшеуі де тұрып жүре алмайды. 

"Қазіргі уақытта қазақстандықтарды Отанына тасымалдауды ұйымдастыру мәселесі шешіліп жатыр", - деп хабарлады Жайнақов.

Мұның алдында Түркияға Қазақстаннан демалуға барған жеті дос жантүршігерлік жол апатына ұшырағаны белгілі болған еді. Жол-көлік оқиғасынан төрт түрік азаматы қаза тапқан, ал қазақстандықтар түрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаға түскен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети