31 наурыз 2014 13:38

ҚР Сыртқы істер министрі Ресейге барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Тengrinews.kz иллюстрациясы Тengrinews.kz иллюстрациясы

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ресейге ресми сапармен барады деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаевқа сілтеме жасап.

"3 сәуірде Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысовтың Ресей Федерациясына ресми сапары жоспарланып отыр", - деп хабарлады Әбибуллаев брифинг кезінде. Оның айтуынша, сапар шеңберінде Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жайы мен келешегі, елдеріміздің арасындағы саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы мәселелер кең ауқымда талқыланады, сонымен бірге халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу көзделген. 

Сыртқы істер министрі осы күні ҰҚШҰ сыртқы істер министрлерінің отырысына да қатысады, онда ұйымды дамытудың жақын келешекке арналған бірқатар мәселелері қаралады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети