13 ақпан 2023 13:34

Куәгер Петропавлдағы мектепке шабуыл жасаған оқушы туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысындағы мектепке жасалған шабуыл туралы Петропавловск.news порталы тың мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Солтүстік Қазақстан облысындағы мектепке жасалған шабуыл туралы Петропавловск.news порталы тың мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, №4 орта мектепте екінші ауысым қашықтан оқуға көшкен.

Мектептің 10-сынып оқушысы жантүршігерлік оқиғаның жай-жапсарын айтып берді. Басына өзі жасаған бетперде киген тоғызыншы сынып оқушысы дәлізге шығып, балаларды балтамен ұра бастаған.

"Менің жүрегімді балтамен ұрғысы келген. Бір бала келіп қолымен жауып қалды. Ол қатты жарақат алды. 9-сынып оқушысы көп қан жоғалтты", - дейді қыз көзіне жас алып.

Басылым сондай-ақ мектептегі ата-аналар чаты шабуыл жасаған тоғызыншы сынып оқушысы туралы түрлі ақпаратқа толы екенін атап өтеді. Болжам бойынша, бала психикалық денсаулығына байланысты есепте тұр, өткен жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін психоневрологиялық диспансерде емделген. Бұл ақпаратты Білім басқармасы растаған да, жоққа да шығарған жоқ. Себебі, мұндай балалардың барлығымен тең дәрежеде орта мектептерде оқуға құқығы бар.

Балалар мектепке барудан бас тартатқан. Ата-аналар да балаларын жіберуге қорқады.

"Ал, №4 орта мектепте ер күзетші жоқ. Тек қажет болған жағдайда ешқандай көмек пен қорған бола алмайтын күзетші әйел жұмыс істейді", - деп жазады портал.

Білім басқармасы зардап шеккен екі адам облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін айтты. Үшінші адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети