ПОДЕЛИТЬСЯ
29 маусым 2023 | 11:47
Күнделікті айналымы 800 мың теңге. ҚМА онлайн-казино ұйымдастырушыларын анықтады
ҚМА-да онлайн-казино түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚМА-да онлайн-казино түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
"Ойындарға қатысу сайттарда жарияланған Telegram-арнада жарна төлеу үшін жасалған сілтеме арқылы іске асты. Төлем картшоттарға және электрон әмиянға жіберілген, оны толтырғаннан кейін ойындарға қатысу үшін логин мен пароль жасақталады. Бәс тігулер мен ұтыстарды төлеу шетелдік тұлғалардың картшоттары арқылы жүзеге асырылды", - делінген хабарламада.
Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларының аумағында тінту жүргізіліп, оның барысында заттай айғақтар – ойын бағдарламалары бар ноутбуктер, шетелдік тұлғалар мен Қазақстан азаматтарына берілген банктік қосымшалары бар телефондар алынған.
"Барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлікке жалпы сомасы 167 миллион теңгеге тыйым салынды. Ұйымдастырушылар мен қатысы бар тұлғаларға тиесілі екінші деңгейлі банктердегі барлық шоттарға тыйым салынды. "Онлайн" құмар ойындары тәулік бойы жүргізіліп, күнделікті айналымы шамамен 800 000 теңге болған", - делінген хабарламда.
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға пайдаланылған карт шоттарға түскен қаражаттың жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден асады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оларға қатысты сот 2 ай мерзімге "қамау" бұлтартпау шарасына санкция берген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также