11 қазан 2016 21:41

Кунсткамерада сақталған Кейкі батырдың бассүйегінің суреттері пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейіндегілер Кейкі батырдың бассүйегі қалай сақтаулы тұрғанын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Музей директорының орынбасары Бейбітқали Қақабаевтың айтуынша, музейдегілер Кейкі батыр жеткізілген арнайы контейнерді ашпаған.


Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейіндегілер Кейкі батырдың бассүйегі қалай сақтаулы тұрғанын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Музей директорының орынбасары Бейбітқали Қақабаевтың айтуынша, музейдегілер Кейкі батыр жеткізілген арнайы контейнерді ашпаған.

Сонымен қатар, музейде Кейкі батырдың бассүйегін қоятын арнайы бөлменің бөлінгені белгілі болды. Дөңгелегі бар контейнер бөлменің ортасында орналасқан. Контейнер қызыл матамен оралып, майшам қосылған.

"Контейнердің ішін біз ешкімге көрсеткен жоқпыз. Ол барлығына көрсетуге болатын қандай да бір зат емес, ол - адамның бассүйегі. Сондықтан біз оны ашпауға тырысамыз. Жуырда, яғни 1-2 күннің ішінде біз Кейкі батырдың бассүйегін Венгрияға сараптамаға жібереміз. Қазір қажетті құжаттар рәсімделіп жатыр", - деді Бейбітқали Қақабаев.


© Tengrinews.kz

"Венгрияда біздің мақсатымыз - ғылыми және генетикалық зерттеулер жүргізу. Кейін электрондық технологиялармен сүйектерді қайта қалпына келтіріп, Кейкі батырдың пішінін көруге бөледі. Венгрияда ғалымдар мұндай зерттеулермен жақсы айналысады. Оларға бұл зерттеу қызық болады, себебі олар өздерін қыпшақ санайды", - деді Қақабаев. Сондай-ақ, ол зерттеулердің бес айға созылуы мүмкін екенін айтты. Ал кейінірек Кейкі батырдың бассүйегі қайтарылып, Қостанай облысында жерленетін болады.

 Сонымен қатар, Антропология және этнография музейінің қызметкерлері түсірген жәдігерлердің суреттері пайда болды. Ол суреттер Кунсткамерадағы мұрағатта 90 жылдан аса уақыт сақталған екен.

Сондай-ақ, мемлекеттік музей қызметкерлері Кунсткамерадағы жәдігерлерді қалай алғандарын айтып берді.

"Бастапқыда Ресейдегі музейдің мұрағатында сақтаулы тұрған бассүйекті тарихи-мәдени құндылығы жоқ дүние деп саналды. Сол уақыттан бері ол жәдігер ретінде емес, адамның бассүйегі есебінде сақтаулы тұрған. Кейіннен сақтаулы тұрған бассүйек бізге жеткізілді", - деді ҚР Орталық мемлекеттік музейдің қызметкерлері.

Еске салайық, биыл 12 тамызда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімов РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында өткен жүз жылдықтағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы Кейкі батырдың мүрдесін елге қайтару туралы мәселені көтерген еді. Содан 6 қазанда Кейкі батырдың бассүйегі Астанаға жеткізілген болатын. Ал кейінірек Орталық мемлекеттік музейдің директоры Нұрсан Әлімбай 12 қазан күні Кейкі батырдың бассүйегі антропологиялық сараптама үшін Венгрияға жеткізілетінін мәлімдеді. Музей басшысы құнды жәдігерді арнайы контейнерде алып барады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети