25 тамыз 2014 00:25

Құрманғазы мен Пушкинді "сүйістірген" постер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©jolbors.com ©jolbors.com

Алматылық жарнама агенттігі Құрманғазы күйші мен Александр Пушкиннің сүйісіп тұрғаны бейнеленген постер жасап шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматылық жарнама агенттігі Құрманғазы күйші мен Александр Пушкиннің сүйісіп тұрғаны бейнеленген постер жасап шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Постер Havas Worldwide Kazakhstan компаниясында жасалған, тапсырыс беруші - Қазақстанның ЛГБТ-қоғамдастығы. Жоба Алматыдағы Құрманғазы және Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан гей-клуб - "Студия 69" көңіл көтеру орнын жарнамалайды.

Жоба Red Jolbors Fest байқауына қатыстырылғаннан кейін көпке танылды, бұл байқауға Орталық Азияның жарнама саласының өкілдері қатысқан болатын. Ұйымдастырушы - қырғыз мамандары. Байқау қорытындысы 23 тамыз күні шығарылды, жеңімпаздар бірнеше номинация бойынша анықталды. Құрманғазы мен Пушкин бейнеленген постер "Сыртқы жарнама" бөлімінде үшінші орынды иеленді.

Постер әлеуметтік желілерде көпшіліктің наразылығын туғызды. Қолданушылар бұл жоба ұлы қайраткерлердің бейнесін қорлап, дәстүрлі емес жыныстық ориентацияны насихаттайды деп есептейді. Постер "қос халықтың ар-намысын қорлаудың үлгісі" саналып отыр. Блогерлердің бірқатары жарнама агенттігін сотқа беретінін айтты. Ал кейбіреулерге атышулы постер ұнаған - олар "отандық шығармашылықтың бедеу даласынан қандай да бір креатив көргендей" болған.

Постер авторларының бірі, копирайтер Валерий Володин жобаға қатысты түсінік берді. "Жарнамашылардың тыйым салынған тақырып бар деп есептейтіні түсініксіз көрініп отыр. Бұл жұмыспен мақтануға болады. Бірінші кезекте, ол әрекет етіп тұр, адамдар түсініп, мекенжайды жаттап қалады. Екіншіден, бұл - батыл жұмыс, үнемі теперіш көріп жүретін гей-қозғалыс жағдайында ол мейлінше дәл әрі өзін-өзі ақтайды. #redjolbors фестивалінің қазылар алқасы оны қола жүлдеге лайық деп шешті, біз қазылар алқасын сынай алмаймыз. Жәдігөйлік жойылсын!" - деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парағында.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети