06 мамыр 2014 12:16

Қылмыскердің түрмеден қашуына жол бермеген әскери марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік наградалар. ©Максим Попов Мемлекеттік наградалар. ©Максим Попов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 7 мамыр мен 9 мамыр мерекелері қарсаңында бір топ қазақстандыққа мемлекеттік наградалар мен жоғары әскери және арнайы атақтарды, сыныптық шендерді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 7 мамыр мен 9 мамыр мерекелері қарсаңында бір топ қазақстандыққа мемлекеттік наградалар мен жоғары әскери және арнайы атақтарды, сыныптық шендерді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Айбын" ордені берілгендердің арасында №7552 әскери бөлімнің атқыштар батальонының бөлімше командирі Жандос Баянбаев болды.

Өз басын қауіпке тіге отырып, өзгелердің өмірін құтқарған әскерилерге қарап Назарбаев "Сіздер көпге үлгі боласыздар", - деді.

Ұлттық гвардияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылдың желтоқсан айында №7552 әскери бөлімнің теміржол жоспарлы күзетінің әскери қызметшілері - кіші сержант Жандос Баянбаев пен қатардағы жауынгер Нұрасыл Мүбәраков өз денсаулықтарын қауіпке тіге отырып, сотталған адамның қашып кетуіне жол бермеген еді. 

Сотталғандардың бірі есінен танған болып, өтірік еденге құлаған. Вагон дәлізінің тар кеңістігін пайдалана отырып, жаза өтеуші шалт қимылымен сақшыны өзіне тартып құлатып, оның табельдік қаруын тартып алады да, оны бірнеше рет атады.

Түнгі қарауылдың көмекшісі - кіші сержант Баянбаев еш іркілместен қылмыскерге ұмтылып, оны ұшырып түсіреді. Бірақ сотталған адам әскери қызметшіге оқ атып үлгереді. Ішінен жараланғанына қарамастан Баянбаев қылмыскерді қарауылдың қосымша тобы жеткенше ешқайда жібермей ұстап тұрады.

Бүгін Ішкі істер министрлігінде сала басшысы, полиция генерал-лейтенанты Қалмұханбет Қасымов қатардағы Нұрасыл Мүбәраковқа жоғары награда табыс етпек.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети