05 желтоқсан 2014 15:46

Қырғиқабақ соғыс пен қатаң тайталасқа бет бұрмауымыз керек - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Біз қырғиқабақ соғыс пен қатаң тайталасқа бет бұрмауымыз керек деп мәлімдеді Украинадағы ахуалды реттеу жөнінде пікірін айтқан Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.


Біз қырғиқабақ соғыс пен қатаң тайталасқа бет бұрмауымыз керек деп мәлімдеді Украинадағы ахуалды реттеу жөнінде пікірін айтқан Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

Француз журналистері Қазақстан мен Франция президенттері келіссөздерінен соң олардың украин оқиғаларына, Батыстың Ресейге қарсы санкциялары мен Путиннің өз жолдауында Батыс туралы айтқандарына қатысты пікірлерін сұрады. "Мәселе өте көпсалалы. Біріншіден, барлық халықаралық құқық бұзылды, ірі мемлекет басшылары арасында өзара сенім азайды. G-8 ыдырап кетті. Мұның бәрі неге әкеліп соғуы мүмкін?" - деп бастады БАҚ сұрақтарына жауап берген Назарбаев өз пікірін.

"Мен ешкімнің адвокаты болғым келмейді, соның ішінде, Путиннің. Бірақ менің объективті талдауым Украинадан соң Ресейде де сондай "көктемді" ұйымдастыруға деген ниеттің іске аспай қалғанын көрсетті", - деді ол.

Оның айтуынша, Ресейдің қуатын елемеуге болмайды. "Бұл - аумағы бойынша ең үлкен ел және ең бай ел. Санкциялардың салдарынан, әрине, ол табыстарынан айырылады, бірақ мұнай мен газ Ресейде қала береді. Дағдарыстар ұзақ болмайды, кез келген соғыс бейбітшілікпен аяқталады. Сондықтан біреуді біреудің тығырыққа аямай тіреуі жақсы амал емес", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ол президент Франсуа Олландпен болған бүгінгі кездесудің барысында мәмілеге келу жолдарын іздеу туралы қорытынды жасалғанын айтты.

Мемлекет басшысы Ресейдің ішкі ахуалында Путиннің қолдауы өте үлкен екенін айтты. "Батыста не айтылып жатқанына қарамастан, ол - бүгінде ең қалыпты либерал. Ал Путиннен кейін не болатынын, национал-патриотизмнің, бәлкім, коммунистік реваншизмнің қандай деңгейде болатынын ешкім айта алмайды. Сондықтан бұл мәселеге кеңірек қарап, мүмкіндіктерді іздестіру керек. Санкциялық текетірес - тығырық. Оның үстіне, ол БҰҰ-ны айналып өтіп қабылданған. Украинада болған жағдай, осындай қақтығыстың бары жаман, бірақ біз одан шығатын жолды іздеуге бейімбіз. Мен біз қырғиқабақ соғыс пен қатаң тайлатасқа бет бұруымыз керек деп есептемеймін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Франция президенті Франсуа Олланд қазіргі шиеленіс жағдайы мәселені шешуге көмектеспейтінін айтты. "Біз Путинмен, Порошенкомен және Меркельмен бірге шиеленісті азайту процесін бастауымыз керек. Алдымен шиеленісті басып, кейін Украина аумағында нақты әрекеттерге көшу қажет. Дәл осы себепті мен диалогқа ұмтыламын, Францияның жағдайы барлық мүдделі тараппен диалог жүргізуге мүмкіндік береді деп ойлаймын", - деді Олланд.

Ол жуырда өзі тұжырымдаған шешімдер жайлы айтты. "Біз Назарбаев мырзамен бірге шиеленісті азайтуға қол жеткізу үшін біздің сапарларымызды, диалог алаңдарымызды пайдалануымыз керек деп келістік, шиеленісті азайту Украинаның аумақтық тұтастығын сақтауға, Украинаның шығыс өңірінің автономиясына кепілдік беруге ықпал етер еді", - деді ол. 

Бұған дейін кеңейтілген құрамда кездесу барысында Франсуа Олланд ЕО мен Ресей арасындағы шиеленісті шешуде Қазақстанның ерекше роль атқаратынын атап өткен болатын. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети