05 шілде 2015 20:33

Қырғызстан президенті Астанаға ұшып келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев іссапармен Астанаға ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан республикасы басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев іссапармен Астанаға ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан республикасы басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан президенті сапарының барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен екіжақты кездесу өткізуді жоспарлап отыр, онда Қырғызстан-Қазақстан көпжоспарлы әріптестігінің өзекті мәселелері талқыланады. 

Еске салайық, осыған дейін Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты І дәрежелі "Манас" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойған болатын. 

Ал оның алдында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев өзінің қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевты әлем көшбасшыларының бірі деп атаған болатын. Атамбаевтың айтуынша, соңғы кездері Қырғызстан мен Қазақстанның қарым-қатынасы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне өтті. Қырғызстан басшысының пікірінше, республиканың ЕАЭО құрамына енуінен кейін екі ел арасындағы тауар айналымы бірнеше есеге артады. Сонымен қатар, Атамбаев үнемі көрсететін көмегі үшін Қазақстанға алғыс айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети