01 тамыз 2017 16:07

Қыркүйекте Алматыдағы бірқатар көшеде көлік қозғалысы біржақты болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© myslo.ru © myslo.ru

Қыркүйекте Алматыдағы бірқатар көшеде көлік қозғалысы біржақты болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Тимур Базарбаевқа сілтеме жасап.


Қыркүйекте Алматыдағы бірқатар көшеде көлік қозғалысы біржақты болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Тимур Базарбаевқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Алматыда көлік қозғалысын ұйымдастырудың Кешенді сызбасы аясында кіші көлік айналымы шекарасына қатысты Шевченко және Құрманғазы көшелерінде көлік қозғалысы біржақты болады.

Шевченко көшесінің бойында Достық даңғылынан Жароков көшесіне дейінгі аумақта трамвай рельстері алынып тасталған соң жолдар орташа ағымдағы жөндеуден өтеді және бастыс бағытқа қарай көліктің біржақты қозғалысы ұйымдастырылады, сонымен қатар оңтүстік жағынан Қонаев көшесінен Жароков көшесіне дейін екіжақты веложол абаттандырылады.

Құрманғазы көшесі бойында Мұқанов көшесінен Достық даңғылына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталған соң шығыс бағытта біржақты көлік қозғалысы қамтамасыз етіледі.

Биылғы жылдың қыркүйек айында көлік қозғалыстарын осылайша ұйымдастыру кедергі нүктелерді қысқартады, аталған көшелерде апатты жағдайлардың алдын алып, Абай даңғылындағы көлік қозғалысының салмағын 15%-ға дейін қысқартады.

№112 бағыттағы автобус шығысты бетке алып, Жароков көшесінен Абай даңғылы және Мұқанов көшесі бойымен Құрманғазыдан шығады.

Cондай-ақ, оның айтуынша, Алматыда 1 тамыздан бастап №44 бағыттағы автобус қайта жүре бастайды

Кезінде тасымалдаушы жолаушылар легінің аздығынан №44 бағыттағы көлік қозғалысын тоқтатқан болатын, алайда Наурызбай ауданының тұрғындары үшін бұл бағыт өте қажет. Осыған орай, Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл бағыттағы көлік қозғалысын қайта ашу туралы шешім шығарды, сонымен қатар көліктің аудандық әкімдік, сот, прокуратура, ХҚКО, басқа да мемлекеттік мекемелер орналасқан Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейін баруы қарастырылған.

№ 44 бағыт бойынша ЛИАЗ маркалы жаңа автобустар жүретін болады, жаңа көлік кондиционермен жабдықталған, қала орталығына келетін жолаушылар үшін өте қолайлы, көліктің соңғы аялдамасы Орталық стадион.

Еске сала кетейік, осыған дейін Құрманғазы мен Шевченко көшелерінде біржақты қозғалыс енгізілуі мүмкін екені айтылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети