18 қараша 2015 14:18

Қыс қатал әрі қиын болады - ТЖ жөніндегі Комитеттің басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі Комитеттің басшысы Валерий Петров брифинг кезінде қыстың қатал әрі қиын болатынын айтты, - деп хабарлайды strategy2050.kz


ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі Комитеттің басшысы Валерий Петров брифинг кезінде қыстың қатал әрі қиын болатынын айтты, - деп хабарлайды strategy2050.kz

"Орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен іс-қимылдарының арқасында көлік магистральдарында  қар басатын 1439 учаске анықталды, онда 12 397 қардан қорғайтын қалқан мен 269 жарықтандырылған тақта орнатылды, жолдың төмен қарай түсетін және жоғары көтерілетін жерлеріне 80000 текше метр көктайғаққа қарсы материал төселді. Республикалық автожолдарда 949 жылыту пункті іске қосылған", - деді ол.


© primeminister.kz

Жайластыруды қажет ететін мұзды 71 автоөткел және 86 жаяу жүргіншілер жолы анықталды. Жол-пайдалану қызметтері 4549 бірлік техника мен қар тазалау техникасын дайындады.

"Қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға ден қою әзірлігін тексеру және дағдыларды қосымша пысықтау үшін 4-6 қараша аралығында "Қыс 2015" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті. Оқу-жаттығуды басқару штабы Петропавл қаласында болды", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети