01 қыркүйек 2015 18:11

Қытай ҚТЖ жобасына 600 миллион доллар инвестиция құяды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қытай ҚТЖ жобасына 600 миллион доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қытай ҚТЖ жобасына 600 миллион доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Қытайға сапары барысында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Асқар Мамин мен Цзянсу провинциясының губернаторы Ли Сюеюн "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА жобасын бірге дамыту туралы стратегиялық келісімшартқа қол қойды.

"Келісімшарт "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА инфрақұрылымын ары қарай дамытуға бағытталған", - деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ.

Сонымен қатар, екі ел арасында халықаралық теміржол логистикасы аясындағы ынтымақстастық жалғасады деп жоспарланып отыр. "Құжатта көрсетілгендей, тарифтік реттеу бойынша, жүктерді тасымалдау уақытын қысқарту халықаралық пойыз бағыттарының арасында бәсекелестікке қабілеттілік туғызады", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Құжатта алдағы бес жылда Қытай тарапынан "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА индустриялдық зонасын құру және дамыту үшін 600 миллион доллар көлемінде инвестиция құю қарастырылған.

"Қазақстан мен Қытай арасындағы транспорттық-логистикалық қызмет саласында серіктестікті дамытуға зор мүмкіндік бар. Ляньюньган портында Қазақстан-Қытай терминалын ашқаннан кейін екіжақты байланыс оң нәтиже береді", - деді ҚТЖ баспасөз қызметі өкілдері.

Еске сала кетейік, қазіргі кезде Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Қытайда жүр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети