23 қаңтар 2014 19:11

Қыз алып қашатындар қатаң жазаға тартылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Марат Абилов ©Марат Абилов

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов Қазақстанда қыз алып қашатындарға қатаң жаза қолдануды ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Қылмыстық кодексіне түзетулер енгізуге арналған Мәжілістің жалпы отырысында қыз ұрлаушыларды жазалау мәселесі көтерілді. Бұл ретте депутаттар пікірі екіге айрылды. "Негізі адам ұрлау, оны мәжбүрлеп ұстау адам құқық бұзуға әкеліп соғады. Бұл жерде оны қанау үшін, зорлау үшін немесе үйлену үшін алып қашуы маңызды емес. Ең бастысы, бұл әрекет арқылы адам құқы тапталады. Бұл үшін ең қатаң жаза қолдануымыз керек. Әр адамның өзінің жоспары бар, біреу жұмысына барады, енді бірі білім алады, бірақ осындай кезде оны аяқ астынан ұрлап әкету - еш ақтауға жатпайтын тым өрескел іс деп есептеймін. Сондықтан мұны қалайда тоқтатуымыз керек. Тіпті бір минутқа, бір сағатқа, өмір бойы тұру үшін де адам ұрлағанды атып тастауымыз керек",- дейді халық қалаулысы Камал Бұрханов Қылмыстық кодексті түзетуге арналған Мәжіліс отырысында. "Адамды Құдай жаратты. Сондықтан қандай адал ниетте болса да, бірде-бір адамның қыз баланы ұрлауға ешқандай қақысы жоқ. Бұл үшін өте қатаң жаза қолдануымыз керек деп есептеймін. Әрине бізде ату жазасы қолданылмайды, бірақ бұл бізге керек еді",- дейді ол. Ал оның әріптесі Светлана Романовская бүгінгі күні Қазақстанда қыз алып қашу, оның ішінде, әсіресе кәмелетке толмаған қыздарды ұрлау өте күрделі мәселеге айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, БҰҰ-ның баяндамасына сәйкес, 2011 жылы елімізде ерте жастан некелескен қыздар саны 7 пайызға, яғни 31 433 жас бойжеткен 18 жасқа толмай тұрмысқа шыққан. Қыз алып қашу оқиғалары көбіне Қазақстанның оңтүстігінде жиі болып тұрады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жалпы Қазақстанда 100 мың қыз-келіншек босанса, соның 23,5 пайызы балиғат жасына жетпеген. "1998 жылы ҚР Қылмыстық кодексінде осындай қатынастарға арналған арнайы бап бар болатын. Кейін мұны жеткіліксіз деп, қыз алып қашуды және оны некелесуге мәжбүрлеуді жалпы ұрлау ретінде қарастырдық. Бұл ретте басты мәселе, жәбір көрген қыздың өзі арыз жазуы тиіс болатын. Әрине, олар қылмыстық іс қозғалып, арты үлкен дауға ұласуын қаламайды. Міне, дәл осыған түзету енгізетін уақыт жетті",- дейді С.Романовская Мәжіліс залы сыртында журналистерге берген сұхбатында. Егер керек болса, кәмелет жасына толмаған қыздарға қатысты істерді жеке қарауымыз керек. Өйткені бұл өте күрделі мәселе. Оған қатысты қатаң жаза қолдану да маңызды",- дейді депутат. Оның пікірінше, жалпы адам ұрлағанға қатаң жаза қолданатын секілді, қыз алып қашқандарға да 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қолдану керек екен. Ол сонымен бірге Қырғызстандағы жағдайды мысалға алды, олар қыз ұрлағаны үшін жәбірленушінің арызы бойынша ғана емес, құқық қорғау органдарының ықыласымен де қылмыстық іс қозғауға болатындай заңға өзгеріс енгізген болатын. Бірақ Мәжіліс депутаты Қайырбек Сүлейменов әріптестерінің бұл ұсынысын қолдаған жоқ. Ол қыз алып қашу қазақтың ертеден қалған дәстүрі екенін Парламент мүшелерінің есіне салды. "Өздеріңіз білесіздер, қызды негізі некеге тұру үшін алып қашады. Ал сіздер ұсынып отырған Қылмыстық кодекстің 125 бабы бойынша ұйымдасқан қылмыстық топ, терроризм секілді ең ауыр, қауіпті қылмыстар қаралады. Десек те, бұл жерде ер адам өзінің сүйікті қызымен некеге тұрғысы келеді, оның мақсаты, ой-пиғылы мүлдем басқа. Оның үстіне бұл біздің ұлттық дәстүрлеріміздің бірі болған. Әрине, мен бұл ретте ондай ұрыларды ақтап отырғаным жоқ, бірақ бұл әдеп-ғұрып сипатындағы дәстүр екендігіне қыздардың 90 пайызы келіседі",- дейді депутат Қ.Сүлейменов. Сонымен бірге ол егер қатты қажет болып бара жатса, қыз алып қашуды Қылмыстық кодексте дербес құрам ретінде қарау керектігін атап өтті. "Негізі мұны сөзсіз дәл осы қалыпта қабылдауға болмайды. Енді санкцияға келетін болсақ, бұл туралы да әлі біраз ойлануымыз керек. Үйленуі үшін қызды еріксіз көндіргенге 15 жыл бас бостандығынан айыруға бола ма? Сондықтан алдымен түзетуді әзірлеп алып, содан кейін барып мұны тағы да талқылауымыз керек",- деді заңды әзірлеуші өкіл, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети