29 шілде 2015 16:36

Қызыл жарты ай қоғамы селден зардап шеккендерге көмек қабылдауды тоқтатады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Қызыл жарты ай" / Facebook.com © "Қызыл жарты ай" / Facebook.com

Қызыл жарты ай қоғамы селден зардап шеккендерге көмек қабылдауды тоқтатып, Наурызбай ауданындағы гуманитарлық миссиясын аяқтайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызыл жарты ай қоғамы селден зардап шеккендерге көмек қабылдауды тоқтатып, Наурызбай ауданындағы гуманитарлық миссиясын аяқтайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наурызбай аудандық әкімдігіндегілердің хабарлауынша, селден зардап шеккен көшелердің барлығына дерлігінде коммуникация қалыпқа келтірілді - газ бен электр қуатын беру жаңартылды. Ал қалған үйлерде коммуникация жақын күндері қалыпқа келтіріледі.

"Біз өз жұмысымызды сәтті орындадық, енді өз миссиямызды аяқтаймыз. Халықаралық нормаларға сәйкес, Қызыл жарты ай қоғамы төтенше жағдай жарияланғаннан кейінгі алғашқы үш күнде, яғни жағдай аса ауыр болып, мемлекет тарапынан берілетін көмек жеткіліксіз болғанда көмек көрсетуге міндетті. Егер одан әрі жағдай қалыпқа келіп, мемлекет көмек көрсетуді толықтай өз қолына алса, біз өз миссиямызды аяқтаймыз", - деді Қызыл жарты ай қоғамының бас директорының орынбасары Толқын Исабекова.

Ұйымның мәліметінше, қазір Қызыл жарты ай қоғамының Чапаев ауылындағы штабында гуманитарлық көмектің белгілі бір бөлігі жиналып қалды, ол бірнеше күнге жетеді. Еріктілер келіп түскен көмектерді мұқтаж жандарға толық таратып болмайынша жұмыстарын жалғастырады, бірақ жаңадан көмек қабылданбайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети