05 наурыз 2014 12:46

Қызылордада 80 адам қар құрсауынан құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©podrobnosti.ua ©podrobnosti.ua

Қызылорда облысы аумағында қар көшкіні салдарынан жеңіл көліктер мен 80-нен астам жолаушы жол бойында қалып қойған. Оларды тікұшақ арқылы құтқаруға тура келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл оқиға Қызылорда мен Жезқазған тас жолы аумағында орын алған. Сол маңда үскірік салдарынан қар көшкіні көрініс берген. Табиғаттың тосын мінезі жолаушылардың діттеген жеріне уақтылы жетуіне кедергі келтірген. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары "Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамына қарасты тікұшақ арқылы жолаушылап келе жатқан азаматтарды қар құрсауынан аман алып қалды. Жолдың бойын тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандардың айтуынша, жол бойында 25 автокөлік болған. Онда 80-ге жуық жолаушы келе жатқан екен. Қызылорда мен Жезқазған арасындағы жолдың қашықтығы 400 шақырымға жуықтайды. Оның тең жартысына жуығы кәдімгі ешқандай асфальт төселмеген қара жол болып табылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети